Футбол • 28 Қыркүйек, 2018

«Алтын доп» әйелдерге де табысталады

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

France Football француз басылымы 1956 жылдан бастау алған «Алтын доп» айтулы марапатын осы жылдан бастап әйелдерге де табыстамақ, деп хабарлайды Euronews.

«Алтын доп» әйелдерге де табысталады

Жеңімпазды бірнеше елдің әйелдер футбол тақырыбын зерттейтін журналистер анықтайды. 15 үміткерден тұратын тізім қазанның 8-і жарияланады.

Журналдың бас редакторы Паскаль Ферре «Мен де басқалары сияқты әйелдер футболының дамығанын қалаймын. Әйелдер футболы кең қанат жаюда», деді.

Оның айтуынша, 2015 жылы өткен футболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын 760 миоллион адам қараған.

Салтанатты марапаттау 3 желтоқсан күні Парижде өтеді.