Әлем • 06 Қазан, 2018

Монсеррат Кабалье 85 жасында дүниеден өтті

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испандық опера әншісі Монсеррат Кабалье 85 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды BBC.

Монсеррат Кабалье 85 жасында дүниеден өтті

Танымал опера әншісі сенбі күні Барселонадағы Сан-Пау ауруханасында көз жұмған. Әншінің ауруханада екендігі туралы қыркүйекте белгілі болған еді. Жерлеу рәсімі дүйсенбі күні өтеді.

Кабальенің шығармашылық кезеңі 50 жылға созылған. Оған танымалдық әкелген Россини, Беллини және Доницетти классикалық италиялық операдағы рөлдері. Әнші шамамен 90 рөлді сомдаған. 1992 жылы Каталонияның астанасында өткен жазғы Олимпиаданың ашылуында Queen тобының әншісімен бірге «Барселона» әнін орындады.