Мәдениетті сақтап қалу жолындағы талпыныс

Аспанды қараңғылық торлай бастағанда жағалауға жиналған әйелдер мен еркектер аумақты соңғы мәрте сүзіп шықты. 

Егемен Қазақстан
31.10.2018 3129
2 Дэвид Маурис СМИТ, «Нью-Йорк Таймс»

Дэвид Маурис СМИТ, «Нью-Йорк Таймс» – Яалангбарра, Аустралия

Бұл – Аустралиядағы ба­йыр­ғы Димурру рейнджерлері тай­пасының кешкі ас ішетін мезгілі еді. Олар ластанған жағажайды талайдан бері тазалап келеді. Көп ұзамай олар ата-бабаларынан қалған әдет бойынша жаңадан ауланған теңіз жәндіктерін отқа қақтап жей бастады. 

Мыңдаған жылдар бойы Йолн­гу аборигендері Аустралияның осы бөлігінде өмір сүріп, орманнан аң аулап, теңізден балық ұстап күнелтті. Бірақ мұнтаздай таза бұл мекен қазіргі таңда ластанып кеткен. Жыл сайын мыңдаған килограмм пластикалық қоқыс пен «елес торы» атанып кеткен балық ұстауға арналған иесіз аулар мұхит суымен жағаны басып қалады. Қоқыс өзімен бірге теңіз тасбақасы, дюгонь мен акула секілді жойылу қаупі бар су жәндіктерін де ала келеді. 

Димурру рейнджерлері – құрлыққа тараған 100-ден асатын байырғы тайпалардың бірі. Олар дәстүрлі тәсіл мен заманауи қорғау әдістерін қолданып, ата-бабасынан мұраға қалған жерді сақтап қалуға талпынып жүр. 

Олар – Карпентария шыға­на­ғындағы Арнэм мекеніндегі аумағы 8500 шаршы шақырым болатын жер мен судың мұрагері және күзетшісі. Рейнджерлер жағалауды қолмен тазалап, мүм­кіндігінше қоқыстарды жинап тастауға тырысады. Бұл міндет ешқашан аяқталмайды, өйткені толқындар күн сайын көптеген қоқысты үйіп тастайды. 

Мәдениеті туған топырағымен біте қайнасқан тұрғындар үшін қоршаған ортаны қорғау тарихын сақтап қалумен бірдей. «Рейнджер болу – өз еліңді қорғау. Мәдениетіңізді жоғалтсаңыз, сіз – ешкім емессіз», дейді 28 жастағы Гата Пура Муннунггурр. 

Осындай арпалысқан күн­дердің бірінде рейнджерлер жаға­жайды үлкен «елес торынан» тазалады. Олар торды құрту үшін қолда бар бүкіл құралдарын – электрлі саймандар, темір арқан, тіпті судың толысуын да қол­данды. Ау жүздеген метрге созылып, кей тұсы бір метрге дейін құмның астында көміліп қалыпты. 

Рейнджерлер судың көтеріліп, күннің ұясына қонғанына қарамастан барын салған, алайда теңіздің деңгейі балтырға жетіп, қас қарайғанда жұмысты тоқтатуға мәжбүр болды. Тор ертең де осында жата береді. Ал олар тағы бір мәрте талпынып көрмек. 

Отаршылдық аустралиялық аборигендердің басым бөлігінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген қасиеті – туған топырағымен байланысын күштеп құртты. Байырғы тұрғындар жер аударылып, олардың мәдениеті заңсыз деп танылды. Ондаған мың жылға созылған дәстүрлі жер басқару жүйесі тоқырады. Соның салдарынан елдің көп бөлігіне өсім­діктер мен жануарлардың, бұта­лардың өртенуі және жерді дұрыс басқармаудың кесірі тиіп жатыр. 

Кейінгі жылдары билік жердің 20 пайызын қайта қалпына кел­ті­рді. Кейбір бұрынғы саябақтар мен қорықтардың нағыз иесі – байырғы тұрғындарға берілді. 2007 жылдан бері байырғы рейнджерлер жерді қорғау мақсатында жұмыс істеп келеді. 

«Елес торын» тазалаймыз деп әуре болған рейнджерлер далаға от жа­ғып, ата-бабаларын талай ар­ман­ға жетелеген теңізге көз тастады. 

«Рейнджер болу – сенімділік ұялатады әрі күшті сезінесің. Мұнда біз әлі жерде өмір сүреміз. Мәдениетіміз аман», дейді аға рейнджер Теренц Вунунгмурра.

© 2018 The New York Times News Service

Мақаланы аударған Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2019

Чили жағалауында магнитудасы 6,8 жер сілкінісі болды

20.01.2019

Астанада Жастар жылының ашылуы өтеді

20.01.2019

Экономиканы роботтандыру: қатер ме, мүмкіндік пе?

19.01.2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

19.01.2019

Мақтаарал ауданында диқаншылық басталды

19.01.2019

Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр

19.01.2019

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

19.01.2019

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

19.01.2019

​Қазақстанның Елшісі НАТО Бас хатшысына Сенім грамоталарын тапсырды

19.01.2019

Рейтер: Трамп пен Ким Чен Ын ақпанда кездеседі

19.01.2019

Алматыға Катардан алғашқы жүк рейсі келді

19.01.2019

Ақмолалықтар мүгедектер үшін автобустардың қолайлылығын бақылауда

19.01.2019

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

19.01.2019

Филиппиннің ең бай адамы қайтыс болды

19.01.2019

Қазақстанда «ақылды қала» пайда болды (видео)

19.01.2019

«Нұр Отан» мектеп асханаларын жалға алушыларды тексерумен айналыспайды

19.01.2019

Балалар Евровидение — 2019 байқауы Краков қаласында өтеді

19.01.2019

Локомотивтерді жөндеу толық орындалды

19.01.2019

Мексикада құбыр жарылып, 20-дан астам адам қаза болды

19.01.2019

Мәжіліс депуттары Түркістандағы тарихи орындарды аралады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу