Тарих тағылымы – қасиетті құндылық

Егемен Қазақстан
06.12.2018 4445
2

Әр халықтың тарихы қасиет­ті құндылықтарының өмір­шең­дігімен бағаланады. Ол құнды­лықтар «мыңжылдықтар тасасында» қалғанымен, тұлғаға айналған ұрпақтары барда жарқырап жарыққа шығады. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы тарихымызды дәріптеудің нақты де­рек­көздерін анықтап берді. «...зор мәдени жетістіктер шоғыры да­ла­мызға сырттан келген жоқ, кері­сінше, көпшілігі осы кең-бай­тақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күн­гей мен Терістікке таралды», дей­ді де, тарихи жәдігерлер біздің баба­ла­ры­­мыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жа­­ңа­­лық­тарға тікелей қатысы бар еке­нін айғақтайтынына тоқ­та­лып, Ұлы даланың жеті қасиет­ті құн­­ды­лық­тарына назар аудартады. 

Әрқайсысының жаһандық өркениеттің дамуындағы ықпалы мен ерекшеліктерін айшық­тап, оларды зерттеу мен наси­хат­тау жолдарын бағдарлы ұсыныс­тармен толықтырып отырады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы болып саналатын бұл еңбегі тарихымызды бағалау мен зерттеп-зерделеудің жаңа үлгісіне – цифрлы форматтауға негіз­деледі. «Тарихи» десе, «та­рих­шыларға жүктелетін міндет» деген көзқарастан арылтып, ғы­лым­ның барлық саласына қа­тыс­ты ортақ мақсаттағы ғы­лы­ми тақырыптарды міндет­тей­ді. Бұрын тарихқа қатыс­ты еңбектерде шолу жасалып, мағ­лұмат берілген құндылық­тарымыз Атқа міну мәдениеті, Ұлы даланың ежелгі металлургиясы, aң стилі, Алтын aдам, Түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың oтаны атауларымен тұлғаланып, жеке-жеке зерттеу нысанына айналды. Міне, ғылыми тақырыптар. Ұлан-ғайыр дала­дағы отырықшылық өрке­ниетінің, ғылым мен өнердің қалып­тасу жолдары, әлемдік сауда орталығына айналған қала­лар­дың гүлдену негіздері ғы­лым­ға тереңірек үңілуді қажет етеді. Әсіресе осы күнге дейін көш­пенділер өркениеті тұрғы­сында зерттеліп келген мәдениетіміз бен өнеріміз отырықшы халық жасаған өнер туындылары ре­тінде қаралып, зерттелетін бол­ды. Мемлекет басшысының «Көп­қырлы әрі ауқымды тарихымыз­ды дұрыс түсініп, қабылдай білуі­міз керек» деп түйіндеуі де сондықтан болар.

Елбасының Ұлы даланың жеті қырын айшықтауының өзі – болашағымыздың рухани бағдары. Бағдарды жүзеге асыру жолындағы жастардың білімі мен іскерлігіне сенім артып, бүгіннен өткенге қарай емес, өткеннен бүгінге қарай зерттеуді міндеттейді. 

Мысалы, қазақ фольклорында «Бес ғасыр жырлайды», «Жеті ғасыр жырлайды» секілді жинақтар жарық көргені белгілі. Бірақ фольклордың қай уақыттан басталатыны межеленген жоқ. Тұнып тұрған тарих осы фольклорда. Тарихи оқиғалармен қатар, сол құбылыстарды сурет­тейтін, сан түрлі бояулармен баяндайтын ауыз әдебиеті қатар қалыптасады. Тіпті көне жазба ескерткіштеріміздің өзі тарихи кезеңдерді әдеби үлгіде ұсынады. 

Азаттық жолындағы көтері­ліс­тің ұлы тұлғалары жайлы си­­пат­талған фольклорлық шы­ғар­­малар архивтерде тұнып тұр. Жеті жылға межеленген «Архив – 2025» бағдарламасын жаса­у­дың маңыздылығының мақала­да ерекше атап өтілуі үлкен жауап­кершілік жүктейді. Ұлы тұлға­лар туралы өнер туындылары, көр­кем әдебиетте бейнеленген об­раздар жеткілікті. Бірақ олар­дың насихатталуы, оқылуы, тара­лымы көңіл көншітпейді. Ғасыр­лар әуендері сарынында жарық көрген күйтабақтар, аудио­таспалар біршама уақыт қол­даныста болды да, уақыт өте тасада қалды. Яғни, заман талабы­ның үрдісінен шыға алмады. Сондықтан Елбасымыз: «Ұлы даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлы форматта, жаңа тыныс алуға тиіс», дейді. Бұл салада ...классикалық қалыптан тыс, баламалы жастар өнерінің креативті әлеуетін де пайдаланудың мәні зор екенін атап өтеді. 
Ұлтын сүю – ұлтшылдыққа, жерін сүю – жершілдікке телін­ген заманнан арылғаннан кейін, отаншылдыққа баулудың бірден-бір жолы – өткенін бағалау, тарихи құндылығын қастерлеу екенін Елбасымыз өз еңбектерінде жиі қайталап келеді. Бұл мақаладағы ұрпақ мақтан тұтатын афоризмдік тұлға­дағы «Жылқыны қолға үйре­ту арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айт­қысыз үстемдікке ие болды», «Қа­зіргі киім үлгісінің база­лық ком­поненттері Дала өркениеті­нің ерте кезеңінен тамыр тартады», «Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті қара шаңырағы», «Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз» – тек Қа­зақ­стан ғана емес, сондай-ақ бү­кіл әлем бойынша еліктеуге ла­­йық­ты тұлғалар» секілді ұтым­ды қол­даныстар ерекше екені ақиқат.

Қай саладан алсақ та, Елбасы­мыз­дың бұл мақаласы тарихи сананың жетілуі мен қалып­тасуындағы өзекті мәселе­лер­дің түйткілін шешу жолдарын нақтылап берді. «Ұлы дала­ның жеті қырындағы» мін­дет­тердің дені, мен үшін, еліміз­дің болашағы – жастарға жүктел­гендей көрінеді. Алдағы Жастар жылында олардың осы мақала негізінде атқаруға тиісті ұсыныс-жобалары болуын қалар едім. Атап айтқанда: Ұлы тұлғалардың есімдерін ел жадында сақтау жолдары, Дала фольклоры анто­ло­гиясы мен Ұлы даланың көне сарындары жинағын цифр­лы форматқа негіздеу үлгі­лері. Әсі­ресе отырықшылық өрке­ниеті­­міздің көрінісі – ескі қор­ған­дарымыз бен көне қалалары­мыздың ашық аспан астындағы мұражайларын «қара археологтардан» қорғайтын талабы қатаң заң үлгісін даярлауға ықпал жаса­са, құба-құп болар еді. Бұ­рын­нан өзімізде бар «Тарихи-мәде­ни мұра объектілерін қор­ғау және пайдалану туралы» заңымызға өзгертулер енгізуге өз ұсыныстарын дәлелді жеткізсе де, жастарымыздың рухани жаңғыру дәуіріндегі отаншылдығын танытар еді. 

Қорыта айтқанда, Елбасы­мыздың бұл мақаласын жаһан­дану дәуіріндегі жастары­мыз­дың алдына қойылған зор мін­деттердің бағдаршамы деп айтуға болады. 

Еділ МАМЫТБЕКОВ,

Парламент Сенатының депутаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.12.2018

«Нұр Отанда» жаңа пікірталас алаңы дүниеге келді

15.12.2018

Ономастика саласындағы оң өзгерістер жалғасын табады - Даниал Ахметов

15.12.2018

TWESCO Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау өткізді

15.12.2018

Тәуелсіздік күніне орай бірқатар қазақстандық дипломаттар мемлекеттік наградалармен марапатталды

15.12.2018

Денис Теннің өліміне қатысты іс сотқа жіберілді

15.12.2018

Димаштың келесі жеке концерті Мәскеуде өтеді

15.12.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға қатысты

15.12.2018

Шет ел басшылары Президент пен қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтауда

15.12.2018

Америкалық баскетболшы Энтони Клеммонс Қазақстан азаматтығын алды

15.12.2018

Ғалымбек Кенжебаев бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

15.12.2018

Астанада гидроцефалияға шалдыққан балаға ота сәтті жасалды

15.12.2018

Талдықорғанда неонаталды хирургия орталығы ашылды

15.12.2018

Қостанайда көп қабатты үйдегі бір пәтер өртеніп, екі адам қаза болды

15.12.2018

15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

14.12.2018

Атырауда қысым тетіктерін шығаратын Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын ашылды

14.12.2018

Сенат комитетінде «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасы қаралды

14.12.2018

Атырауда жаңа мамандандырылған ХҚКО ашылды

14.12.2018

С.Әкелеев: Бекболат Тілеухан мен Айгүл Қосанованың дауысын мен қойғам

14.12.2018

​БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Астана форматындағы Сирияаралық келіссөздерді мойындады

14.12.2018

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне марапаттар табыстады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу