Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018

Президенттік олимпиададан олжалы оралды

301 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда Теміртау қаласында республика мектептерінің 11-сыныптарында оқитын жас интеллектуал оқушылар арасында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бо­йынша 11-ші Президенттік олимпиада өтті. Білім бәйгесіне 14 облыстан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 157 оқушы қатысып, бақ сынасты. 

Президенттік олимпиададан олжалы оралды

Аталған жарыста Астана қаласының Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінен қатысқан 11 «А» сынып оқушысы Нұршат Жұмахан оза шауып, жүлделі 2-орын және күміс медаль иеге­­рі атанды.

Білім және ғылым ми­нис­т­р­­­лігінің мәліметінше, олим­пиаданың алғашқы ай­мақтық кезеңіне 2461 оқушы қатысқан. Қатысушыларға бе­рілген тапсырмалар жиын­ты­ғы жоғары халық­аралық стандарт­тар­ға сәйкес даярланған. Бі­рінші кезеңнің қорытындысы бойынша еліміздің барлық аймағының 407 мектеп бі­тіру­шісі on-line режімінде өткізілген олим­пиа­­даның қашықтық ке­зең­іне қатысып, олардың 161-і жа­рыстың қорытынды кезеңіне жолдама алған. 

«Бұл олимпиада негізінен 3 кезеңнен тұрады. Алғашқы екеуінен өтіп, жүзден жүйрік, мыңнан мықты шыққандар республикалық жарысқа жолдама алады. Осы жолғы сайыс өзіме қиын болды. Себебі бұл олимпиада болса да ҰБТ сияқты тексеру жағы да, бақылаушылар да қатал. Сынақты негізгі 4 пән бойынша тапсырдық. Оның ішінде физика, математика, химия, биология бар. Айта кететін тағы бір жайт, бұл олимпиада тек мектеп бітіруші түлектерге арналған. Мен өзім физика-­матем­атика пәнін таңдап, бола­шақта осы салада мұғалім болсам деген ойым бар. Маған ұна­ған тағы бір нәрсе, аталған олимпиаданың Теміртау қала­сын­да өтуі. Себебі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еңбек жо­лын осы шаһардан бастаған. Бұл болашақ өмірімізге үлкен сенім мен серпін берді. Осы бе­­лесті ұстаздарымның берген білімінің, жақындарымның арт­қан үмітінің, мектебімнің ма­ған деген сенімінің арқасында бағындырдым», дейді Райымбек ба­тыр атындағы №50 «Қаз­ғарыш» мектеп-лицейі­нің 11-­­сынып оқушы­сы Нұршат Жұмахан.­

Қазылар алқасының шешімі бойы­н­ша алтын медальдар және І дәрежелі дипломдармен 8 қатысушы, ІІ дәрежелі диплом­дар және күміс медальдармен 12 қатысушы, ІІІ дәрежелі дипломдар және күміс медальдармен 18 қатысушы марапатталған.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»