Еуро-2020: қарсыластардың қарымы қандай?

Футболдан 1960 жылы басталған Еуропа чемпионаты 2020 жылы өзінің 60 жылдық мерейтойын тойлайды. 2012 жылдың 6 желтоқсанында Лозаннада (Швейцария) өткен УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында реттік саны бойынша 16-шы чемпионатты кең көлемде атап өту үшін бұрынғыдай бір немесе екі елде емес, Еуропаның 12 еліндегі 12 стадионда ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Егемен Қазақстан
20.12.2018 4719
2

Жақында Ирландияның Дублин қаласында футболдан 2020 жылғы Еуропа чем­пионатының іріктеу кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті. Же­­ребе қорытындысы бо­йынша Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көш бас­тап тұрған Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр және Сан-Марино құрамаларымен бірге I тобына түсті. Еуропа чем­пионатының іріктеу ке­зеңі 2019 жылдың наурызы мен қараша аралығында өте­ді. Қазақстан құрамасы алғаш­қы және соңғы ойынын Шот­­л­ан­дия футболшыларына қарсы өткізеді. Астанадағы ойын 2019 жылдың 21 наурызы күні «Астана Арена» стадио­нында өтсе, қарымта кездесу 21 қарашаға жоспарланған. 

Енді топтағы құрамаларға жеке-жеке тоқталып, қар­сы­лас­тарымыздың қарымын рет-ретімен саралап көрсек. Топ­тағы алғашқы ойынды өз алаңымызда Шотландия құрамасымен өткіземіз. Та­рихқа көз жүгіртер болсақ, Қазақстан футболшылары бұл құрамамен бұрын-соңды кездесіп көрмеген. Қараша айының қорытындысы бо­йынша Шотландия ФИФА рейтингінде 38-орынға жай­ғасқанымен, ауыз толтырып­ айтарлықтай жетістігі жоқ. Дегенмен 2 рет әлем және 8 рет Еуропа чемпионатта­рына қатысып, топтық кезең­нен әрі аса алмаған. Фут­бол­шыларының көбісі, Шот­лан­дия және Англия чемпионаттарында доп тебеді. Клубтық деңгейде Қазақстан мен Шотландияның жолы жиі түйісіп тұрады. «Селтик», «Абердин» сияқты командалары Қазақстанға бірнеше рет келген. Енді ұлттық құра­маларымыз алғаш рет бір-бірімен жолықпақ. 

Екінші кездесуді де өз же­рімізде өткізіп, «Астана Аренада» Ресей құрамасын қабылдаймыз. Ресей құрамасы биыл өз елдерінде өткен әлем чемпионатында ширек финалға дейін жетіп, өздерінің тарихи нәтижесіне қол жет­кізді. Станислав Черчесовтың шәкірттері жуырда ғана аяқ­талған Ұлттар лигасында да нәтижелі ойын көрсетті. 4 ойын­ның екеуінде жеңіске же­тіп, 1 ойында тең түсіп, 1 ойында жеңіліске ұшы­рады. Ресей құрамасы қа­зір­гі таңда ФИФА-ның рейтингінде 41-орынға орна­ласқан. 

Бұған дейін екі құрама 2008 жылы және 2015 жылы 2 рет жолдастық кездесу өткізген. Яғни, Астанадағы кездесу алғашқы ресми матч болмақ. 2008 жылы Мәскеуде өткен алғашқы ойында 6:0 есебімен жеңілсек, 2015 жылы Химки қаласындағы матчта 0:0 есебімен тең түскенбіз. Бір қызығы екі құраманың қатарында да өзге елдің, яғни «бауырға басқан» ойын­­шылар жетерлік. Ресей құ­рамасындағы бразилиялық Марио Фернандес, Ари, Гильерме, неміс Константин Рауш пен Роман Нойштедтер Ресей азаматтығын алып, осы елдің құрамасында ойнап жүр. 

Үшінші турды сырт алаңда топтың көшбасшысы саналған Бельгия құрамасына қарсы өткіземіз. Биылғы әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алған Бельгия ФИФА рейтингінде көш бастап тұр. Бүгінге дейін Қазақстан мен Бельгия құрамалары ресми ойында 4 рет кездескен. 2008 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуінде екі рет жолығып, екі ойында да тең түскен болатынбыз. Ал 2012 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екі ойында да ұтылып қалдық. Астанадағы ойында 0:2 есебімен жеңілсек, сырт алаңда 4:1 нәтижесімен есе жібердік. 

Төртінші турды Астанада Сан-Марино құрамасымен өткіземіз. Ресми көрсеткіш бойынша  Сан-Марино топтағы аутсайдер команда саналады. Себебі, ФИФА рейтингіндегі ең соңғы 211-орында тұр. Дегенмен қай құрама мық­ты екенін рейтинг емес, алаң­дағы 90 минуттық кездесу анықтайтыны белгілі. Сан-Марино мен Қазақстан бұған дейін кездесіп көрмеген. Топтағы бесінші кездесуді Кипрге қарсы өткіземіз. ФИФА-ның рейтингінде 86-орынға жайғасқан құрамамен тек жолдастық кездесуде ғана кездескенбіз. Екі матчта да Кипр жеңіске жеткен. Алғаш рет 2004 жылы халықаралық турнирде 2:1 есебімен жеңілсек, былтыр Ларнакада өткен ойында Кипрға 3:1 нәтижесімен есе жібердік. Қорыта айтқанда, Қазақстан құрамасы топтағы 5 команданың ішінде Бельгиямен ресми матч өткізсе, Сан-Марино құрамасымен мүлде кездесіп көрмеген. Осыдан-ақ бас бапкер Станимир Стоиловтың нағыз сыналар шағы алда екенін бағамдай беруге болатын сияқты.

Бас бапкерлер не дейді?

Станимир Стоилов, Қазақстан ұлттық құрама­сының бас бапкері:

– Жеребенің қорытын­дысына көңілім толады. Біздің топтағы әр қарсыласқа салмақты дайындалу қажет. Іріктеу кезеңінің ойындары қызықты өтеді деп ойлаймын. Топтың үздігі – Бельгия құрамасы. Ресей құрамасы да өз үйінде өткен әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті. Топтағы кез келген құрама көпшілік күтпеген нәтижеге қол жеткізуі мүмкін. Ол Қазақстан құрамасы бол­ғанын қалар едім.

Станислав Черчесов, Ресей құрамасының бас бапкері:

– Тең дәрежедегі қарсыластар түсті. Олардың арасында Бельгияның ерекшеленетіні айқын. Барлық команданы мұқият зерттеу керек, өйткені соңғы жылдары жолымыз түйіспеді. Әрине, Бельгиядан басқасын. 

Роберто Мартинес, Бельгия құрамасының бас бапкері:

– Алты командадан тұратын топқа түстік. Қазақстанға алыс сапар күтіп тұр. Сан-Марино жақынырақ. Ресей құрамасы әлем чемпионатында жақсы ойнады. Шотландиямен ойын қызық болмақ. Олар Ұлттар лигасының тобында жеңіске жетті. Жанкүйерлер үшін барлық ойын қызықты болады деп үміттенемін. Оңай қарсылас жоқ. 

Алекс Маклиш, Шотландия құрама­сының бас бапкері:

– Ұзақ сапар және тартысқа толы ойындар күтіп тұр. Әсіресе, Бельгия құрамасына қарсы. Ойындардың арасында демалатын уақыт болады деп ойлаймын. Топтағы қарсыластар мықты. Босаңсуға болмайды.

Ран Бен-Шимон, Кипр құрамасының бас бапкері:

– Әр топтағы ойын қиын. Үлкен коман­далардың үлкен мақсаттары бар. Ал кішкентай командалардың арманы болады. Сол арманның орындалғанын қалаймыз. Қазақстанның «Астана» футбол клубының соңғы жылдардағы ойын­дарынан хабардармын. Бапкер Станимир Стои­лов туралы білемін. Біздің топта оңай ойын болмайды. Астана – керемет қала. Ойын­ды асыға күтеміз.

Франко Варрелла, Сан-Марино құрамасының бас бапкері:

– Бельгия құрамасы соңғы жылдары керемет ойнымен көзге түсіп жүр. Шотландия, Ресей және Қазақстан құрамаларының дайындықтары мықты. Ұлттар лигасында Беларусь және Молдо­ва құрамаларымен өткізген ойыннан кейін қай ба­ғытта жұмыс істеу қажет екенін білеміз. Біз үшін жаңа қарсыластар, жаңа тәжірибе. Қазақстан мен Кипр құрамалары бізден мықтырақ. Алайда, олардың ойындарына баға беру үшін толық мәлімет жоқ.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.01.2019

Медициналық қызметтің 25 түріне eGov.kz арқылы қол жеткізуге болады

24.01.2019

«Мақаш правитель» туралы кітап қазақшаға аударылды

24.01.2019

Ақтөбеде «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы басталды

24.01.2019

Президент кейбір Жарлықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді

24.01.2019

25 қаңтар күні үш облыста ауа райы бұзылады

24.01.2019

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Сауат Мыңбаев «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА нысандарында болды

24.01.2019

2021 жылға дейін ауыл емханалары толығымен электронды форматқа көшеді

24.01.2019

Ольга Довгун Токио олимпиадасы қарсаңындағы басты міндеттерді атады

24.01.2019

Басқа басылымдардан: Қазақстанда Жастар жылы ашылды

24.01.2019

Астананың инвесторлар үшін тартымдылығы артты

24.01.2019

Астана экономика құрылымында ШОБ үлесі бойынша көш бастап тұр

24.01.2019

Астанада әлемдік сауда орталығы салынады

24.01.2019

Ақтөбе облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 202 өтінім мақұлданды

24.01.2019

Астық пен ұн тасымалдауды қамтамасыз ету – «ҚТЖ» ҰК» АҚ ерекше бақылауында

24.01.2019

Қызылордада балық өсіруге субсидия бөлінді

24.01.2019

«Жастар жылындағы жетістігің» акциясы желтоқсанға дейін жалғасады

24.01.2019

Жетісу университетінде Жастар орталығы құрылды

24.01.2019

Өткен тәулікте елордадан 17 мың текше метрден астам қар шығарылды

24.01.2019

Елордаға 2 мың тонна көмір жеткізілді

24.01.2019

Франция елшісінің кеңесшісі Лор Кастен: «Мен үшін Қазақстан – Абай!»

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

  Bıylǵy qańtarda Qazaqstan óziniń azamattaryn dúnıeniń qaı shetinde bolsa da qorǵaı alatyn irgeli el ekendigin kezekti ret kórsetti. Sırıadaǵy qandy qasapqa soqyr senimniń shyrmaýyndaǵy kúıeýimen birge baryp qalǵan áıelder men jas balalarǵa arnaıy ushaq bólip, alyp keldi. Elbasy N.Nazarbaev óziniń tapsyrmasymen 47 adamnyń, sonyń ishinde 30 balanyń qutqarylǵanyn málimdedi. Qutqarý sharalary «Jýsan» operasıasy» dep atalǵany da jarıa boldy.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу