Ұлттық банк тәуекелдерге бейімделген бақылау жүйесін енгізді

Қазақстанның Ұлттық банкі биыл да еліміздің қаржы жүйесін нығайту жолындағы жұмыстарды жалғастырады. Бірінші қаңтардан бастап Ұлттық банк осы банк секторында тәуекелдерге бейімделген бақылау жүйесін енгізді.

Егемен Қазақстан
02.01.2019 16874
2

Қазіргі уақытта Қазақстанда 28 коммерциялық банк бар. Былтыр олардың саны 33 болатын. Кейбір қаржы институттары жұмысын толық тоқтатты. Ал екі ірі банк бірікті. Биыл Ұлттық банк тәуекел мәселесіне ерекше көңіл бөлетін болады. 

«Бақылау процесі кезінде біз қаржы ұйымының Қазақстанның заң талаптарын қаншалықты сақтап отырғанын толық зерттейміз. Бизнес-модельдеріне сараптама жасаймыз. Корпоративті басқарудағы тәуекелдер бағаланады. Қиын жағдай туындаған кезде оны шешу үшін капиталдары жеткілікті ме? Бұл да басты назарда болады. Осындай бақылау тетіктері мәселені ушықтырмай, ерте кезде реттеуге мүмкіндік береді», - деп хабарлайды ҚР ҰБ ЕДБ қадағалау департаментінің өкілі Данияр Нұрманов.

Басқаша айтсақ, реттеуші екінші деңгейлі банктердің клиенттері қарыздарын өтей алмаған жағдайда банк өз қаржысы есебінен несиені жаба ала ма, осы жайында да сараптама жасайды. 

«Міндеттемелерді мәжбүрлі қайта құрылымдау қиындыққа тап болған немесе мүлдем жағдайы ауыр төлем қабілеті жоқ банктерге қатысты қолданылады. Осы құрал ірі кредиторлар мен кепілдендірілмеген депозитарийлерге капиталын немесе капиталының бір бөлігін қайтарып алуға және банк абыройын сақтап қалуға мүмкіндік береді», - деді Данияр Нұрманов.

Сондай-ақ тәуекелдерге бейімделген бақылау жүйесі аясында Ұлттық банк заң шеңберінде қаржы институттарының топ-менеджментін тексеру құқына ие болып отыр.    

«Ұлттық банк туралы заңда бұл механизмнің ережелері толық жазылған. Ол жариялы түрде жүреді. Және де уәкілетті органның шешіміне байланысты шағымдануға қаржы институттарында жеткілікті уақыт болады», - дейді спикер. 

Мұндай қадағалау екінші деңгейлі банк топ-менеджерлерінің бұрыс іс-әрекеттерінің алдын алуда тиімді. Сонымен қатар тәуекелдерді басқаруды бағалау және банктердің ішкі бақылау жүйесінің қағидалары өзгереді. Сарапшылардың пікірінше, бұл тетіктер келеңсіз жәйттерден сақтануға және мемлекет шығынын азайтуға мүмкіндік береді. 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.01.2019

Қостанайда Ақылбек Шаяхметтің шығар­ма­шы­лық кеші өтті

24.01.2019

Астанада британдық қаламгер Ник Филдингпен кездесу өтті

24.01.2019

Сексен деген сеңгірге шығып жатқан Кәмел Жүністегі туралы үзік сыр

24.01.2019

Береке белсендіге бітеді

24.01.2019

Алғашқы қысқы ҰБТ қорытын­дылары шықты

24.01.2019

Маңызды заң жобалары мақұлданды

24.01.2019

ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының үндеуі

24.01.2019

Жалындаған жастардың жарқын жобалары

23.01.2019

Шекара бұзған азамат қаза тапты

23.01.2019

Елбасының Жастар жылының салтанатты ашылуында сөйлеген сөзі

23.01.2019

Мәулен Әшімбаев: Жастар жылында науқаншылдыққа жол бермеуіміз қажет

23.01.2019

Түркістанда «Орта Азия жастарының форумын» өткізу жоспарлануда

23.01.2019

«Жастар жылы» жамбылдық жастарға мол мүмкіндік береді

23.01.2019

Қаржы және бюджет комитетінің Заң жобаларын талқылау бойынша отырысы өтті

23.01.2019

Мәжіліс сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық түзетулерді мақұлдады

23.01.2019

Алматы облысында 1332 әйел онкологиялық есепте тұр

23.01.2019

Сенаторлар Жастар жылын қолдауға бағытталған жұмыстарға кірісті

23.01.2019

Еурокомиссия MasterCard-қа айыппұл салды

23.01.2019

Жылқының қозғалыс аллюры: Аяң түрлері

23.01.2019

Юлия Тимошенко Украина президенті сайлауына қатысатынын мәлімдеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

  Bıylǵy qańtarda Qazaqstan óziniń azamattaryn dúnıeniń qaı shetinde bolsa da qorǵaı alatyn irgeli el ekendigin kezekti ret kórsetti. Sırıadaǵy qandy qasapqa soqyr senimniń shyrmaýyndaǵy kúıeýimen birge baryp qalǵan áıelder men jas balalarǵa arnaıy ushaq bólip, alyp keldi. Elbasy N.Nazarbaev óziniń tapsyrmasymen 47 adamnyń, sonyń ishinde 30 balanyń qutqarylǵanyn málimdedi. Qutqarý sharalary «Jýsan» operasıasy» dep atalǵany da jarıa boldy.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу