Жас маман неге жұмыссыз?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жуырдағы Жолдауында мамандық игерген студенттерді жұмысқа орналастыру мәселесіне ерекше тоқталғаны белгілі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда жоғары оқу орны түлектерінің 35,4 пайызы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналаспаған болса, 40%-ы 12 айда мүлде жұмысқа тұрмаған. 

Егемен Қазақстан
11.01.2019 5135
2

Президент жоғары оқу орын­дары саны көп, сапасы жоқ мамандық иелерін дайын­дау­ды доғаруы керектігін айт­­ты. Осы ретте Мемлекет бас­­­шы­­сы оқуын аяқтаған сту­­дент­­тер­дің жалақысы жоға­ры жұмыс­­қа орналасуы универ­си­­­тет­­тер­дің деңгейі мен та­быс­­ты­лығын анықтайтын бас­­ты өлшем болатындығын ес­­керт­кен болатын. Аталған тап­сырмаға сәйкес, былтыр жыл со­ңында «Атамекен» ұлттық кәсіп­кер­лер палатасы мен Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орын­дарын­дағы білім беру бағдарла­ма­лары рейтингісінің үшінші ке­зе­ңі­нің қорытындысын шы­ғарды.

Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешен­құлов­тың айтуынша, бірік­кен жо­ба­ның үшінші кезеңі бо­йын­ша 535 білім беру бағ­дар­ла­ма­сына баға беріліп, 1632 са­рап­шыдан 198 қорытынды алын­ған. «Осы жылы, рейтингте ЖОО ұсынған материалдар бойынша 92 мамандық қам­тылды, 2 мыңнан астам бі­лім беру бағдарламасы ба­ға­ланды, еліміздің барлық өңі­рінен 700-ден астам сарапшы тартылды. Нәтижесінде 109 жоғары оқу орны бойынша 6 мың сараптамалық қоры­тынды алынды. Сall-орталық арқылы 2016-2017 жылы оқу ор­нын аяқтаған 8800 түлек теле­фон арқылы сауалнамаға қатыс­ты», дейді вице-министр.

Ведомство өкілі айтып өт­­кен­дей, сауалнама қазақ­стан­­дық ЖОО түлектерінің бар­лы­ғын қамтуға тырысқан, сәй­кесінше зерттеу нәтижесі әділ шықты деуге негіз бар. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев сараптау жұ­мыстарын экономикалық ор­гандардың мамандары жүр­гізгендігін, яғни әділ­дік үшін ЖОО өкілдері қатыс­т­ы­рыл­ма­ған­дығын айтады. «Еліміздегі ЖОО-ны бітіруші түлектердің өз мамандығы бо­йынша көбісінің жұмыс істе­мей­тіні белгілі болып отыр. Айталық, әлеуметтік ғы­лым­дар, экономика және биз­­нес бағытындағы түлектер­дің 40,24%-ы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Техникалық ғылымдар мен тех­нологиялар – 41,97%, құқық – 43,73%, қызмет көр­сету саласы – 43,42% және ең үл­кен антилидер – ауыл шаруа­шы­лығы ғылымдары 51,06% болып отыр», дейді О.Ордабаев. 

Осы ретте О.Ордабаевтан атал­ған кемшіліктерге көлең­ке түсіріп тұрған кей­бір мәсе­леге ашық тоқталуын сұра­ған болатынбыз. «Бүгінде қазақ­стандық білім беру бағдар­ламалары толық жетілдіруді талап етеді. Салалық сарап­шы­лардың талдауы жоғары оқу орындары білім беру бағдар­ла­маларының мазмұнын бір-біріне көшіретінін, ал бұл контенттің бірегейлігінің жоқ­тығын көрсетеді. Сондай-ақ мамандыққа жанама қа­тысы бар және теорияны прак­­тикаға байланыстыру­да же­тіспейтін модульдер бар. Сонымен қатар жұ­мыс беру­шілер кітапхана қорын жаңарту қажеттігін атап өтті. Мысалы, ауыл ша­руа­шылығы жоғары оқу орын­дары­ның бірінде 1949-1975 жылдардағы әдебиет қол­да­ны­лады. Кей оқу орындары ХХ ғасырдың ортасындағы оқу­лықтарды пайдаланады. Әсі­ресе радиоэлектроника мен телекоммуникацияға қа­тысты жабдықтар мен бай­ла­ныс құралдары ескірген. Мәселен, еліміздегі көптеген ЖОО 2G форматын жа­ңа­шыл­дық ретінде оқытып жүр», дейді О.Ордабаев. 

Шынымен де, қазір 4G фор­маты бар, жақында 5G фор­­маты қолжетімді болады. Тағы бір айта кетерлігі, мұн­дай мысалдар тек жаратылыс­тану ғылымдарында ғана емес, гуманитарлық ғы­лым­дарды оқытатын іргелі маман­дық­тардың да бас ауруына айналған. Бұл туралы филология ғылымдарының кандидаты, доцент, лингвист-сарапшы Бекзат Динаева 2018 жылдың қыркүйек-қазан айларында жоғары оқу орындарында оқытылатын «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Филология» маман­дықтарының білім беру бағ­дарламалары мен эл­лектив­ті пәндер каталогтарына сарап­тамалық қорытынды жасау барысында біраз жайтқа көз жеткізгендігін айтады. 

«Сараптамаға келіп түскен ЖОО-ның үштен екісінде білім беру бағдарламалары мен эллективті пәндер ката­лог­терінде оқытылатын негізгі базалық білім қамтылған, алайда даярланған бағдар­лама­лары мен силлабус маз­мұндары­­ның басым көпшілігі, нақты 70%-ы қайта өңдеуді қажет етеді», дейді ол.

Қазіргі нарықтың талабы мен жұмыс берушінің сұ­ра­­нысына сәйкес гума­ни­­тар­лық пәндердің өзіне жаңа­ша сипат беріп, барынша «Лингвист-эконо­мист», «Лин­гвист-заңгер», «Линг­вист-психолог», «Линг­вист-редак­тор» сияқты салалық мамандарды даярлайтын пәндерді енгізіп, аталған бағытта мамандар дайындауды қолға алу керек. Қазақ тілі мен әдебиеті ма­мандары нарықтың сұра­нысы­на сәй­кес тіл мен әде­биет­ке басқа ғылым салалары тұрғысынан барынша ма­ман­дануы тиіс. Айтыл­ған мәсе­лелерге қатыс­ты сарап­шы Бекзат Бегалы­қызы зерт­теу нәтижесі бойынша қазір­гі оқытылып жатқан бағ­дар­ламаларда сыни ойлау, креативті ойлау жүйесі, ака­демиялық сауаттылықты арт­ты­ра­тын заманауи техно­логия­лар қолданылатын та­қырып­тар өте аз екендігін жет­­кіз­ді. «Академиялық сауа­т­­­­ты­лықты арттыратын, оқы­­лым және жазылым дағ­ды­ларын дамытатын пән­дер мен іскерлік қарым-қатынас мәде­ниетін, ауызша және жаз­баша тіл мәдение­тін, шар­шы топ алдында сөй­леу мәде­­ниетін, мемлекеттік тіл­дегі хат алмасу тілінің қыр-сырын үйрететін курстар­ды енгіз­ген жөн. Мысалы, қазіргі ЖОО-дағы «Тіл біліміне кіріс­пе» пәні 50 жылдан бері К.Аханов­тың «Тіл білімінің негіз­­дері» оқулығы негізінде оқы­­ты­лып келе жатыр. Оған «Ұлт­­тық аударма бюросы» қоғам­­дық қоры аударған Вик­тория Фромкиннің «Тіл білі­міне кіріспе» еңбегін қосу керек. Бұл еңбекте тілдің шығу төркіні, даму үрдісі, жолы, негізгі тілдік категориялар, әр тілде бөлек болғанымен, автор­дың «Тіл біліміне кіріс­пе» оқулығында осы тілдерге ортақ құбылыстар мен ортақ заңдылықтардың негізі қай­да екенін ашық көрсетуге мүм­кіндік береді. Әлемдік тіл білімінде қандай құбылыстар болып жатыр дегенге аталған оқулықтың үлкен көмегі бар. Алдыңғы 51 ЖОО-дағы әде­биет тізімінде аталған оқу­лық бол­мады, соңғы 21 ЖОО-да тек Е.Бөкетов атын­дағы Қара­ғанды мемлекеттік уни­­вер­ситетінің әдебиет тізі­мі­не қосылғанын ғана көрдік», дейді тілші-ғалым Б.Динаева.

Шынымен де мамандық­қа сұраныстың күрт төмендеп кетуіне жоғарыдағыдай мәсе­лелер көп бөгет келті­ретіні рас. Бұдан шығатын қоры­тынды, алдағы уақыт­та ЖОО-лардың жаңа оқулық­тар­мен, соңғы басылымдармен қамтылу деңгейін қадағалаған жөн. Бағдарламалардың басым көпшілігінде соңғы жаңа басылымдар жеткізіліп, яғни әде­биеттердің жаңашыл­ды­ғы­на назар салу қажет. Айта­­лық, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» сериясымен ауда­рыл­ған кітаптарды әде­биет тізіміне енгізудің өзі бет­бұрыстарға әкелетіні сөзсіз.

Сөз соңында өз мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмай жатқан түлектерге жұмыс беруші тараптың еңбек өтілін сұрауы басты кедергі екенін, сондай-ақ жалақы мөлшері де кейбір көрсеткішке көлеңке түсіретінін айта кет­кеніміз жөн.

Бұл ретте ҰКП төрағасы­ның орынбасары мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының деректерін талдай келе, орташа еңбекақы деңгейін айтып берді. «Әлеуметтік ғы­лым­дар, экономика және бизнес бағытында – 114 721 теңге, техникалық ғылымдар мен технологияларға – 149 963 теңге, құқыққа – 89 434 теңге, қызмет көрсету саласы бойын­ша – 98 180 теңге, ауыл шаруа­шылығы ғылымдарын бітірген жас мамандарға – 77 045 теңге көлемінде жалақы төленеді», дейді О.Ордабаев.

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.01.2019

Қостанайда Ақылбек Шаяхметтің шығар­ма­шы­лық кеші өтті

24.01.2019

Астанада британдық қаламгер Ник Филдингпен кездесу өтті

24.01.2019

Сексен деген сеңгірге шығып жатқан Кәмел Жүністегі туралы үзік сыр

24.01.2019

Береке белсендіге бітеді

24.01.2019

Алғашқы қысқы ҰБТ қорытын­дылары шықты

24.01.2019

Маңызды заң жобалары мақұлданды

24.01.2019

ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының үндеуі

24.01.2019

Жалындаған жастардың жарқын жобалары

23.01.2019

Шекара бұзған азамат қаза тапты

23.01.2019

Елбасының Жастар жылының салтанатты ашылуында сөйлеген сөзі

23.01.2019

Мәулен Әшімбаев: Жастар жылында науқаншылдыққа жол бермеуіміз қажет

23.01.2019

Түркістанда «Орта Азия жастарының форумын» өткізу жоспарлануда

23.01.2019

«Жастар жылы» жамбылдық жастарға мол мүмкіндік береді

23.01.2019

Қаржы және бюджет комитетінің Заң жобаларын талқылау бойынша отырысы өтті

23.01.2019

Мәжіліс сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық түзетулерді мақұлдады

23.01.2019

Алматы облысында 1332 әйел онкологиялық есепте тұр

23.01.2019

Сенаторлар Жастар жылын қолдауға бағытталған жұмыстарға кірісті

23.01.2019

Еурокомиссия MasterCard-қа айыппұл салды

23.01.2019

Жылқының қозғалыс аллюры: Аяң түрлері

23.01.2019

Юлия Тимошенко Украина президенті сайлауына қатысатынын мәлімдеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

  Bıylǵy qańtarda Qazaqstan óziniń azamattaryn dúnıeniń qaı shetinde bolsa da qorǵaı alatyn irgeli el ekendigin kezekti ret kórsetti. Sırıadaǵy qandy qasapqa soqyr senimniń shyrmaýyndaǵy kúıeýimen birge baryp qalǵan áıelder men jas balalarǵa arnaıy ushaq bólip, alyp keldi. Elbasy N.Nazarbaev óziniń tapsyrmasymen 47 adamnyń, sonyń ishinde 30 balanyń qutqarylǵanyn málimdedi. Qutqarý sharalary «Jýsan» operasıasy» dep atalǵany da jarıa boldy.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу