Таным • 06 Ақпан, 2019

Аңырақай шайқасы қай жерде болды?

15397 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Аңырақай шайқасы – қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалуға негіз болған қазақ-жоңғар соғысындағы ең ірі және шешуші соғыстардың бірі.

Аңырақай шайқасы қай жерде болды?

Қазақ тарихының алғаш­қы сүрлеуін салушы­лардың бірі һәм Алаш ардагері Мұха­мет­­жан Тынышпаевтың дере­гінде бұл шайқас 1721-1723 жылдардағы сұ­ра­пыл апат «Ақтабан шұ­бы­рынды, Алқа­көл сұлама» оқи­ғасынан кейін, нақты 1730 жылы бол­ғаны жайлы айтылып, майдан даласы Бал­қаш көлінің оңтүс­тік-шы­ғыс жағында 120 ша­қы­рым жерде, ол жер ел ара­сында «Итішпес» деген атпен мәлім деп жазады.  

Жоғарыдағы Алаш оқы­­мыс­тысының пайымы н­е­гі­зінде шайқас орнын нақ­ты­лаған кейінгі зерттеушілер оны – Балқаш көлі, Отар даласы, Шу өзені аралығындағы адырлы алқап деп отыр. Өйт­кені бұл жерде қазақ-қалмақ қо­рым­дары өте көп және нысан КСРО Бас штабының 1942 жыл­ғы құпия картасында «ма­ңызды нүкте» ретінде көр­сетілген. 

1997 жылы еліміздің Мем­­ле­кеттік хатшысы Ә.Кекіл­­­баев және академик-та­рих­­­шы М.Қо­зыбаевтың баста­ма­­­сымен соғыс болған ал­­қапқа зерттеу жүргізген «Аңы­­ра­қай» экспедициясы май­дан аума­­­ғының ұзындығы – 30-35, ені – 20 шақырым деген тоқтам жасап, шайқасқа екі та­­рап­тан 70 мыңға жуық адам қа­­тысқаны жайлы анық­тама берген. 

Бар қазақтың басы қо­сыл­ған осы бір шешуші шай­­­қасқа Әбілқайыр хан қол­­басшылық жасап, ар­да­герлер Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бө­ген­бай, Шақшақ Жәнібек, Шапырашты Наурызбай және әйгілі жыраулар Ақтамберді, Үмбетейлер қатысқандықтан бұл орын қазір жалпыұлттық маңызға ие құнды нысан ре­тінде тіркеліп отыр. 

Жаңа ғасырдың алғаш­қы жылы «Аңырақай» шай­­­­қа­сына 270 жыл толуына орай Алматы облысы әкімдігі жер­­гілікті зиялы қауым өкіл­де­­рінің қаты­суы мен майдан өт­кен орынға ар­найы тасбелгі ор­натып (суретте), кейінгі ұр­паққа естелік қал­дырды. 

Дайындаған Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»