06 Ақпан, 2019

Отандық каратешілер Токиода бірлескен оқу-жаттығу жиынын бастады

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапония Олимпиадалық комитетінен арнайы шақырту алған қазақстандық каратешілер Токиода жаттығу жұмыстарын бастады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Отандық каратешілер Токиода бірлескен оқу-жаттығу жиынын бастады

Азия ойындарында үздік нәтиже көрсеткен Гузалия Гафурова, Дидар Әмірәлі және Данияр Юлдашев Жапония ұлттық құрамасының спортшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Бірлескен жиынға Жапония құрамасының бас бапкері Ко Хаяши жетекшілік етуде. 

Алдағы алты күн ішінде ірі жарыстарда жиі кездесетін қарсыластар бір бапкердің қоластында жаттығып, өз әдіс-тәсілдерін жетілдіре түспек. 

«Біздің бір-бірімізден үйренетін тұсымыз көп. Техникалық жағдайлардан бөлек, заманауи жапон каратесінің қыр-сырына да қанығуымыз қажет», - дейді ұлттық құрама бас бапкері Жасталап Санауов.