12 Ақпан, 2019

Б.Сағынтаев бірқатар ведомство басшыларына сөгіс жариялауды ұсынды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев өрт қауіпсіздігі жұмыстарын тиісінше атқармағаны үшін бірқатар ведомство басшыларына сөгіс жариялау туралы ұсыныс енгізді. 

Б.Сағынтаев бірқатар ведомство басшыларына сөгіс жариялауды ұсынды

«Ішкі істер министріне ұйымдастыру және тәртіптік шаралар кешенін әзірлеп, іске асыруды тапсырамын. Өрт қауіпсіздігі және оның алдын алу жұмыстарын тиісінше атқармағаны, бақылау жүргізбегені үшін Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Викторович Ильинге сөгіс жариялау жөніндегі ұсынысты Президент Әкімшілігіне енгізуді тапсырамын» деді Б.Сағынтаев. 

Сонымен қатар Премьер-Министр Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккерге, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаевқа қатаң сөгіс жариялау туралы ұсыныс жасады. Ал Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Барат Оспанұлы Дұзақбаевты қызметінен босатуды ұсынды.