«Ішкі істер министріне ұйымдастыру және тәртіптік шаралар кешенін әзірлеп, іске асыруды тапсырамын. Өрт қауіпсіздігі және оның алдын алу жұмыстарын тиісінше атқармағаны, бақылау жүргізбегені үшін Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Викторович Ильинге сөгіс жариялау жөніндегі ұсынысты Президент Әкімшілігіне енгізуді тапсырамын» деді Б.Сағынтаев.
Сонымен қатар Премьер-Министр Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккерге, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаевқа қатаң сөгіс жариялау туралы ұсыныс жасады. Ал Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Барат Оспанұлы Дұзақбаевты қызметінен босатуды ұсынды.