Алматы • Бүгін, 18:00

Алматы әуежайы 10 миллионыншы жолаушысына шетелге жолдама берді

15 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 14:55-де Алматы халықаралық әуежайы өзінің рекордтық 10 миллионыншы жолаушысын қарсы алды. Бұл – қала үшін тарихи оқиға, деп жазады Egemen.kz.

Алматы әуежайы 10 миллионыншы жолаушысына шетелге жолдама берді

Фотолар: Корпоративтік коммуникациялар департаменті

Шымкент-Алматы бағыты бойынша DV707 рейсімен ұшып келген Шолпан Садықова 10 миллионыншы жолаушы атанды.

Алматы әуежайы

Айта кетсек, сервистік компаниялары арқылы 33 елдегі 110 әуежайда қызметтердің кең спектрін ұсынатын әлемдегі жетекші әуежай басқару компанияларының бірі - Tav Airports Holding компаниясы басқаратын және қызмет көрсететін Алматы халықаралық әуежайы үшін 2024 жыл жетістіктерге толы болды, жолаушылар ағыны 9 миллион адамға жетті.

Аталған әуежайдың Корпоративтік коммуникациялар департаментінің мәлім етуінше, әуе айлақты 2021 жылдан бері басқаратын TAV Airports компаниясы соңғы 3 жылда әуе айлаққа 200 миллион доллардан астам инвестиция салған және келер уақытта да инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. 3 жыл ішінде бағыттар саны 2 есе және ALA-ға ұшатын авиакомпаниялар саны 24-тен 37-ге дейін өскен. 2024 жылдың 9 айында жолаушылар ағыны 8,5 миллион адамға жеткен, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 21%-ға артық.

Компания жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған жобаларға инвестиция салуды жоспарлап отыр, оған сол жақ ұшу-қону жолағын толық қайта құру, перрондарды және көктайғаққа қарсы алаңды жаңарту, аэродром жабдықтары паркін жаңарту және т.б. жатады. Бүгінде ішкі рейстер терминалы (Т1) толық жаңғыртылып жатыр. Терминалды толық қайта құру жұмыстарын 2025 жылдың соңында аяқтау жоспарланып отыр.

Алматы халықаралық әуежайын кеңейту бойынша ауқымды жоба жолаушылар терминалы мен жалпы авиация ғимараттарының құрылысын, сондай-ақ эстакада, орталық инженерлік қондырғы, аэродром және вокзал маңы аумағын қайта жөндеуді қамтиды.

Айта кетейік, 10 миллионыншы жолаушы атанған алматылық Шолпан Садықова ата-анасын Сарыағаштан емдетіп, алып келе жатқан еді. Әуежайдың атынан «жұлдызды жолаушыға» Грузияға 2 жолдама берілді.

Алматы әуежайы

Алматы әуежайы

Алматы әуежайы