Үкімет • 16 Ақпан, 2019

СІМ және «Атамекен» ҰКП инвестициялық және экспорттық бағыттағы жұмысты үйлестіруді күшейтуде

408 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету және шет елдерден инвестицияларды тарту мәселесі Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовпен кездесуі барысында талқыланды. Кездесуге сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері қатысты.

СІМ және «Атамекен» ҰКП инвестициялық және экспорттық бағыттағы жұмысты үйлестіруді күшейтуде

Тараптар СІМ, «Атамекен» және «Kazakh Export» ҰК» АҚ арасында қабылданған Түсіністік және ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумды, сондай-ақ Бірлескен іс-шаралар жоспарын бейімдеуге қол жеткізді. Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы, сондай-ақ оның 2019 жылғы 30 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысында берген тапсырмалары мен сыртқысаяси ведомствосының инвестициялар және экспорт саласындағы жаңа міндеттерінен қабылданған.

Бірлескен жұмыс түрлі бағыттағы мәселелер бойынша өзара іс-қимылды қамтитын болады – ақпарат алмасудан бастап нарықты талдаудан экспортты дамыту жөніндегі нақты әріптестермен жұмысқа дейін, үздік халықаралық тәжірибені зерделеу, халықаралық іс-шараларға қатысу мәселелері және басқалар.

СІМ мен «Атамекен» шикізаттық емес экспортты дамыту тапсырмаларын шешу үшін сауда өкілдіктерінің бағытындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. 

Бұдан басқа, «Атамекен» және әкімдіктермен бірлесіп Қазақстан өңірлері бойынша «ақпарат-кітапша» дайындау ұсынылды. Онда еліміздің әр облысының табиғи ресурстары мен олардың ерекшеліктерін, экономикасының маңызды салалары мен логистикалық мүмкіндіктерін көрсететін болады. Осының негізінде Қазақстан аумағында экспортқа бағытталған жобаларды іске асыру үшін шетелдік инвесторларды тарту бойынша нақты жұмыс жүргізуге мүмкіндік туады.

Сонымен қатар, халық тұтынатын тауарларды (қарапайым нәрселердің экономикасы) өндіруді ұйымдастыру үшін қазақстандық және шетелдік капиталды шағын және орта бизнес саласына тартудың қажеттілігі атап өтілді, бұл өз кезегінде ішкі нарықты өнімдермен молықтыруға ықпал етеді. Бұл күнделікті мұқтаждықтарды қамтитын тұтыну тауарлары және ішкі нарықты молықтырғаннан кейін олар одан әрі экспортқа жолданады. Ең алдымен бұл ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, жеңіл өнеркәсіп және фармацевтикалық индустрияға қатысты.

Шетелдік әріптестермен жұмыс жүргізу мақсатында «Атамекен» мен Қазақстандық индустрия мен даму институты («ҚИДИ») мамандарын тарта отырып, экспортты жылжыту жөніндегі СІМ орталық аппараты мен ҚР шет елдердегі мекемелерінің қызметкерлері үшін тренингтер ұйымдастыру жөнінде тараптар уағдаластыққа қол жеткізді.

Қазақстанның өңделген өнімдерін жылжыту тұрғысынан алғандағы перспективалық елдерде сауда-экономикалық миссиялар мен көрмелерді ұйымдастыру бойынша үйлестірілген жұмыстың қажеттілігі ерекше атап өтілді.

СІМ мен «Атамекен» инвестициялық-экспорттық бағыттағы қызметті күшейтуге арналған осындай кездесулерді тұрақты өткізу тәжірибесін енгізуге ниеттенуде.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше