Спорт • 20 Ақпан, 2019

Әли Ахмедовтың қарсыласы анықталды

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның танымал кәсіпқой былғары қолғап шебері Әли Ахмедов 24 наурызда АҚШ-тың Голивудында өтетін «Hollywood Fight Nights» бокс кешіне қатысады. 

Әли Ахмедовтың қарсыласы анықталды

Осы жарыста жерлесіміз 37 жастағы жергілікті боксшы Майк Гаймен жұдырықтасады. Америкалық спортшының кәсіпқойлар арасында күш сынасып жүргеніне 10 жыл болды. Сол аралықта ол 13 кездесу өткізіп, 9 рет жеңіске жетті. 5 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. 3 рет ұтылып, тағы бір жекпе-жекте тең есеп тіркелді.

Алматы облысының тумасы Әли Ахмедов 23 жаста. Оның кәсіпқой рингте жүргеніне үш жылға жуықтап қалды. Сол аралықта 13 жекпе-жек өткізіп, барлығында басымдық танытты. 10 кездесуде қарсыластарын есінен тандырды. Таяуда ғана ол WBC нұсқасы бойынша жастар арасында әлем чемпионы атанған болатын. Бұл – Әлидің супер орта салмақтағы алғашқы айқасы.   

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»