Осы жарыста жерлесіміз 37 жастағы жергілікті боксшы Майк Гаймен жұдырықтасады. Америкалық спортшының кәсіпқойлар арасында күш сынасып жүргеніне 10 жыл болды. Сол аралықта ол 13 кездесу өткізіп, 9 рет жеңіске жетті. 5 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. 3 рет ұтылып, тағы бір жекпе-жекте тең есеп тіркелді.
Алматы облысының тумасы Әли Ахмедов 23 жаста. Оның кәсіпқой рингте жүргеніне үш жылға жуықтап қалды. Сол аралықта 13 жекпе-жек өткізіп, барлығында басымдық танытты. 10 кездесуде қарсыластарын есінен тандырды. Таяуда ғана ол WBC нұсқасы бойынша жастар арасында әлем чемпионы атанған болатын. Бұл – Әлидің супер орта салмақтағы алғашқы айқасы.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»