Секер әженің құрақ көрпесі

Мата қиындыларынан қиюластырылып жасалған түрлі-түсті әсем көрпелер әрбір шаңырақтың сәні. Адамды табиғатпен үндестіріп, көңілге жылылық сыйлайтын мұндай көрпеге отырсаң өзіңді хан жайлауда отырғандай сезінесің. Алматы іргесінде тұратын Секер әжей «Құрақ құраудың өзі бір математика» дейді. Шебер қолдан өріліп, сан алуан бояулармен көмкерілген көркем туындылар көз баурайды. 

Егемен Қазақстан
15.03.2019 567
2

Әжелеріміз құрақ құрауды қас­иет­ті өнер деп бағалаған. Жасы сексеннің екеуіне келген Секер Кенжебаева 40 жыл бойы математика пәнінен сабақ берген ұлағатты ұстаз. Білім беру ісінің үздігі. Бағалы бұйым ретінде ұза­ты­ла­тын қыздың жасауына еніп, халқымыз қастерлі іске бала­ған құрақ құрау шеберлігі ана­сы­н­ан дарыпты. «Бала күні­мнен қаныма сің­ген сүйікті ісім осы, зейнет жа­сында болсам да кесте тігіп, құ­рақ құрамасам, немерелерге шұ­лық тоқымасам, отыра алмай­мын» деген кейуана талай сырдың тиегін ағытты.

«Баяғы заманда қымбат мата­лар тапшы болған. Тігіншілер киім-кешек­терден қалған мата­лар­дың қиындыларын кәдеге жара­туға тырысып, түрлі бұйым­дар жасаған. Құрақ құрау өнері осы­лай дүниеге келген деген сөз бар. Құрақты қамқа, қатипа, торқа, барқыт, торғын, батсайы, мақпал, қыжым, бояқ, борлат сынды түрлі маталардан жасаған. Қаз­­ір­гі заман­да ерінбеген адамға керек дүние­нің бәрі бар. Құрақ төсеніш қазақ дәстүрінде қыз бала­лар кіш­кентайынан үй­ре­ну­­ге тиісті қол­өнер түрі. Ол өрім­дей қыздарды төзімділікке, үнем­ді­лікке, шеберлікке баулиды. Ана­ларымыз құрақ көрпені тек төрге төсейтін. Өйткені қашаннан қонақжай қазақ төрін қонағына ұсынған. Төрді қасиетті орын деп санаған. Ғасырлар бойы өз құндылығын жоғалтпаған бұл өнерді кейінгі ұрпақ жалғай алмай қала ма деп алаңдаймын. Қазір кішкентай қыздарды былай қойғанда, олардың аналары құрақ құрауды білмейді. Бұл өнерді меңгеру үлкен тәрбие. Тігін тігуді кәсіп қылмаса да, әрбір ананың бұл істен хабардар болғаны абзал. Құрақ құрайтын адамның қиялы ұшқыр болады. Сол арқылы түстердің үйлесімін дәл табады. Өзімнің қыздарым мен немерелерімді де осы өнерге бау­лыдым», – дейді Секер Кенже­бае­ва.

Секер әжей құрақтың халық дәстүрінен, наным-сенімінен алатын орны да ерекше екенін айтады. Мәселен, ерте кезде баласы өліп тоқтамаған үй «тіл көзден аман болсын» деген ырым­мен қырық түрлі құрақ құрап перзентін соған орайтын болған. Ал қыз жасауына құрақ көрпе қосудың астарында «қызы­мыздың барған жерінде басы көбейіп, тірлігі қиюын тапсын» деген тілек жатады екен. «Халықтың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар: сөз өнері, саз өнері, қол өнері» деп бекер айтылмаса керек-ті. Үй ішіне ұлттық рең беретін сәнді көрпелер адамның көңіл күйін де асқақтатады. 

Арман ОКТЯБРЬ,

«Egemen Qazaqstan» 

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.03.2019

Б. Сапарбаев жұмыскерлердің лайықты жалақы алу құқықтарын қорғауды ұсынды

19.03.2019

Елімізде «Еңбек омбудсмені» институты құрылады

19.03.2019

Б.Сапарбаев: Жұмыскерлерді қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету керек

19.03.2019

Польшада Қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтеді

19.03.2019

Ел экономикасында 6,6 миллионға жуық жалдамалы жұмыскер жұмыс істеп жатыр

19.03.2019

Былтыр 39 мыңнан астам өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды

19.03.2019

Петропавлда қоғамдық көліктерде ерекше акция өтіп жатыр

19.03.2019

Теннистен АҚШ-та Мастерс турнирі басталады

19.03.2019

Нұрберген Жұмағазиев: Бізге өз мықтылығымызды дәлелдейтін кез жетті

19.03.2019

Қазақстандық гимнастар Дохадағы әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды

19.03.2019

Шорт-тректен Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

19.03.2019

А.Мамин: 1 мамырдан бастап баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасыларға пәтер бөлуді бастаймыз

19.03.2019

Кешірілген өсімпұл көлемі 587 миллионға жетті

19.03.2019

Былтыр 1568 адам өндірісте жарақат алған

19.03.2019

Шымкентте қызғалдақтар гүлдеді

19.03.2019

Базалық лауазымдық қызметақыны кезеңімен өсіру қажет – Б.Әбдірайым

19.03.2019

«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» қоғамдық қоры кімдерге көмек көрсетеді?

19.03.2019

Ерік Асқаров атындағы жас ақындар мектебі ашылды

19.03.2019

Өткен тәулікте қаладан 15,8 мың текше метрден астам қар шығарылды

19.03.2019

«Соғыс пен бейбітшілік» романы француз тілінде сахналанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу