Шымкентте Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын насихаттау брифингі өтті

Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық коммуникация орталығында Елбасы тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын Шымкент қаласында кеңінен насихаттау мақсатында брифинг өтті. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова, Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев және БАҚ өкілдері қатысты.

Егемен Қазақстан
15.03.2019 570
2

Баспасөз мәжілісінде таяуда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен аз қамтылған және көпбалалы отбасылар тобына ұсынылған әлеуметтік қолдаулардың жоспары және атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі, олардың Шымкент қаласында орындалу барысы жан-жақты сөз болды.

– «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы аз қамтылған және көп балалы отбасылар тобына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі жайында мемлекеттік бастамалар ұсынды. Оған тоқталсақ, біріншіден, күнкөрісі төмен, оның ішінде көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын қамту. Ол дегеніңіз, атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийін ең төменгі күнкөріс деңгейінен көтеріледі. Екіншіден, атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көпбалалы отбасыларға және «Күміс алқа» және «Алтын алқамен» марапатталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ балаларға арналған мүгедектігі бойынша жәрдемақылар, стипендия алып тасталады. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылардың балаларына (18 жасқа дейін, оқыған жағдайда 23 жасқа дейін) ай сайын 20 789 теңге көмек төленетін болады. Бұл дегеніміз күнкөріс деңгейінің 70 пайызын құрайды. 2018 жылы 10774 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алса, 2019 жылы 1 сәуірден бастап 20000-нан астам отбасыға дейін ұлғаяды деп жоспарлануда, – деді Г. Құрманбекова.

Елбасы тапсырмасына сәйкес бүгінгі таңда Шымкент қаласында аз қамтылған отбасылардың өмір сапасын жақсартуға арналған арнайы Штаб құрылды. Штабтың құрамына депутаттар, құзырлы органдар, «Нұр Отан» партиясы, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, 4 аудан әкімдері, басқарма басшылары енгізілген.

– Қала тұрғындарына Елбасының тапсырмасын кеңінен насихаттау үшін 4 аудан әкімдіктерінде және басқармаларда «Ашық есік» күндері өткізілуде. Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, 9 632 аналарға барлығы 119,9 млн теңге төленуде наурыз айының соңына дейін жеке есеп-шоттарына аударылады. Қоғамдық көліктерде «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері тегін жүруде, – деді қала әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар Шымкентте аға буын өкілдерінің уақытын тиімді өткізу үшін «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығын ашу жоспарлануда. Ол жерде спортпен шұғылдану, шахмат, компьютерлік сауаттылығын ашу, құқықтық және психологиялық қызметтер көрсетілетін болады.

Келесі жоба көп балалы аналарға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін «Аналар орталығы» ашылуда. Ол жерде психлолгиялық және құқықтық, тұрғын үй және әлеуметтік төлемдер бойынша қызмет көрсетіледі.

Бүгінгі таңда пилоттық режимде «MEYIRIM.KZ» қайырымдылық электронды порталы жұмысын бастауда. Негізгі мақсаты, жеке және заңды тұлғалардың қайырымдылық іс-шараларын реттей отырып, электрондық портал арқылы аз қамтылған отбасыларға ашық және біріңғай әлеуметтік көмектер ұйымдастыру. Жоба басталғалы 120 отбасыға азық-түлік, тұрмыстық қажеттілік заттарымен көмек көрсетілді. Бұдан бөлек жалғыз басты 6 баланың анасына демеушілер есебінен тұрғын үй берілді.

– Аталған әлеуметтік портал сәуір айынан бастап іске қосылады. Жыл соңына дейін жағдайы өте төмен 1289 отбасыға көмек көрсетіледі. Сонымен қатар әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру үшін соның ішінде мобильді «Ел-Көмек» әлеуметтік порталы жүзеге асырылатын болады. Негізгі мақсаты – әлеуметтік салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді толығымен автоматтандыру. Бұл өз кезегінде аз қамтылған отбасыларға берілетін бір реттік көмек, зейнеткерлерге санаторлы-курорттық емделуге, мүгедектерге берілетін құралдар және «Инва таски», «Әлеуметтік таксиді» онлайн режимде мекемеге келмей, үйде отырып алуға болады. Жоба жүзеге асқанда Қазақстанда бірінші болып әлеуметтік сала цифрлық форматта жұмыс істейтін болады, – деді Г.Құрманбекова.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

26.03.2019

2019 жылғы қаңтарда елімізде 80711 жеңіл автомобиль тіркелген

26.03.2019

Гүлмира Исимбаева Жапония Парламенті Кеңесшілер Палатасының Спикерімен кездесті

26.03.2019

Конор МакГрегор ережесіз жекпе-жектен кеткенін мәлімдеді

26.03.2019

Алматылық жастар астана атауын өзгертуге қолдау білдірді

26.03.2019

Үкімет пен Ұлттық Банк интернет-займдар бойынша маржаны шектеуді жоспарлайды

26.03.2019

Елорда жаһандық индексте қалай жоғарылады?

26.03.2019

Бердібек Сапарбаев Елбасының жаңа әлеуметтік шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

26.03.2019

Бердібек Сапарбаев елордалық «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды

26.03.2019

Р. Дәленов көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша жаңа шаралар туралы айтып берді

26.03.2019

Бақыт Сұлтанов автобус апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасына көңіл айтты

26.03.2019

Қарағандылық спортшылар екі Әлем кубогын ұтып алды

26.03.2019

Оңдасын Оразалин Әйтеке би және Хромтау аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

26.03.2019

Мүлдем жауапкершілік жоқ: Ақтөбе облысының әкімі Орталық стадионның жағдайы туралы

26.03.2019

Қарағанды көмірінен жасалған әшекейлер Мәскеудегі Халықаралық байқауда көрсетіледі

26.03.2019

Нидерландтың Девентер қаласында Қазақстанның Құрметті Консулдығы ашылды

26.03.2019

​Лондонда Наурыз мерекесі аталып өтті

26.03.2019

Жастар елорда атауының өзгеруіне байланысты үндеу жариялады

26.03.2019

Қызылордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды

26.03.2019

Ақсу энергетиктері 600 млрд кВт-сағат электр энергиясын өндірді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу