Қоғам • 02 Сәуір, 2019

Қарулы Күштер қатары 35 мың сарбазбен толығады

671 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл елімізде қысқа мерзімдік әскери қызметке 35 мың адам қабылданады. Олардың ішінде 17 мың адам – көктемгі, 17500 адам күзгі уақытта әскер қатарына шақыртылмақ. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарулы Күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Ардақ Кукатов мәлімдеді.

Қарулы  Күштер қатары  35 мың сарбазбен толығады
Оның айтуынша, Президент Жарлығына сәйкес 1 наурыздан бастап көктемгі әскерге ша­қыру науқаны аясында алдымен Шекара қызметінің әскери бөлім­дері жас сарбаздармен толық­ты­рылады. 


– ҰҚК Шекара қызметіне 7 мың­нан аса, Қарулы Күштер сапына 13 мыңдай, Мемлекеттік күзет қызметіне шамамен 600-дей, Ұлттық гвардияға 13 мыңнан аса жас сарбаз қабылданады, – деді А.Кукатов. 


Көктемгі шақыру науқаны қарсаңында Қорғаныс министрі­нің қатысуымен қорғаныс істері жөніндегі департаменттер және басқармалардың бастықтарымен семинар өткізіліп, өзекті мәселе­лер талқыланған.

 Тың өзгерістерді ескере отырып, шақыру барысын­да заңнамалық деңгейде мерзімді әскери қызметті өткеруден жал­таруға тырысатын адамдар ерекше бақылауға алынады. Сондай-ақ олардың тарапынан шағымды болдырмай шақырылушылар және олардың ата-аналарымен сапалы ұйымдастырылған жұ­мыс­ты өткізуге назар ауда­рыл­­ды, – деп мәлімдеді Ұйымдас­тыру-жұмыл­дыру жұмыстары департаментінің бастығы. 


Қарулы Күштер өкілі шақырту алғанымен, әскери-медициналық тексеруге келмегендерге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айып­­­пұл салынатындығын да атап өтті. Сондай-ақ әскерден жал­­таруға әрекеттенгендерді қыл­­­мыстық жауапкершілікке тарту мәселесі де жүргізілуде. 


Сонымен қатар мерзімді әс­к­ери қызметке азаматтарды ша­қыру кезінде сыбайлас жем­қорлық заңнамасы мен мінез-құлық әдебін міндетті түр­де сақтау жөнінде шаралар қарас­тырылған. 


Серік ӘБДІБЕК,

«Egemen Qazaqstan»