Аймақтар • 01 Мамыр, 2019

Жастары жұмылған жұдырықтай болуды қалайды

921 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында тағдыр-талайымен қазақ жерінен пана тауып, өз Отаны деп қабылдаған әртүрлі этнос өкілдері жастарының қатысуымен Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезінің Қазақстан президенттігіне кандидат ұсыну туралы шешімін қолдауға арналған форум өтті.

Жастары жұмылған жұдырықтай болуды қалайды

Форумға мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкіл­дері мен облыстық ассамблея құры­лым­дары, этномәдени бірлестік төр­ағалары мен мүшелері және белсенді жастар қатысты.

Жиында сөз алған облыстық «Славяне» қоғамдық-мәдени орта­лығының мүшесі Елена Павлова: «Елбасы өзі ұсынған кан­д­и­датура – ол елдегі саяси бағыттың сабақтастығы. Елдегі алға қойған стратегиялық мақсаттардың бәріне жететін жолдың біреу екендігі және соған тез жететініміздің кепілі есеп­теледі. Бір тудың астында, бір мақ­сатты ұстанып өмір сүріп жат­қандықтан әрбір саяси оқи­ғаға аса мән береміз. Елдің бола­шағы үшін өз таңдауымызды жасайтын боламыз», – деді.

«Кезектен тыс президент­тік сай­лау халықты топтастыру жолын­­дағы патриоттық акт болып, экономиканы тұрақтан­дыру­ға, елдің қарқынды дамуы мен азаматтарымыздың игілі­­гі­­нің түйінді мәселелерін шешу үшін қа­­жетті азаматтық татулық­ты, әлеу­­­­­­меттік тұрақтылықты қам­та­­­­­ма­­сыз етуге қуатты серпін бере­ді», деді Nur Otan пар­­тия­сының об­лыстық «Жас Отан» жас­тар қана­т­ының төрағасы Талғат Тілес.

Сондай-ақ облыстық «Жаң­ғыру жолы» ЖҚ төрағасы­ның орынбасары, облыс­тық корей жастар қозғалысы­ның төрайы­мы Свет­лана Пак, «Славяне» қоғамдық-мәде­ни орталығының мүшесі, облыс­тық «Жаңғыру жолы» ЖҚ төраға­сы Артем Кош­ман Қазақстан Республикасы Прези­дентінің кезектен тыс сай­лауының өт­кізі­луі­­нің маңыз­дылығына тоқ­талып, жастарды сайлауға бел­сенді қатысуға шақырды.

«Көпұлтты Қазақстан – біздің бақытымыз» деген сөзді Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үнемі айтып келеді. Оған үлкен себеп бар. Тағдырлы сәт – Қазақстан өз ал­дына тәуел­сіз­дігін алар тұста қазақтар өз елі, өз жерінде қырық пайызға да жет­пейтін. Сол кезде осы жастардың ата-бабалары, әке-шешелері жан-жаққа бұра тартпай біртұтас Қазақстанның іргелі ел болуын қалап, бір тудың астынан табылды.

Енді олардың балалары да Қазақ­стан Президентін сайлау науқанында ел келешегі үшін жұмылған жұдырықтай бір болуды қалап отыр.

 

Қызылорда облысы