Аймақтар • 01 Мамыр, 2019

Облыс оқушыларының ұлттық мәдени фестивалі өтті

1066 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірдегі мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «Бір шаңырақтың астында» атты ұлттық мәдени фестиваль Қазақстан халқы бірлігі күніне арналды.

Облыс оқушыларының ұлттық мәдени фестивалі өтті

Онда  білім ордасының оқушылары түрлі ұлттардың мәдениетін саралап, өз өнерлерін ортаға салды. «Digital urpaq»  оқушылар сарайына жиналған қалың көрермендер алдында  бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып жатқан этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлері ұлықтаылды.

«Мұндай  іс-шаралардың тәрбиелік мәні өте зор. Бір-біріміздің  ұлттық құндылықтарымызды құрметтей, білсек, ынтымағымыз да беки түседі», дейді оқушылар сарайының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Кәмшат Мусина.

Фестивальға  қатысушылар әр ұлттың мәдениетін, әдет-ғұрыптарын кеңінен таныту мақсатымен жүктелген тапсырмаларды  талапқа сай орындап шықты. Мәселен, №26  орта мектебінің оқушылары  орыс ұлтының салт-дәстүрлерін ұсынып, түрлі тағамдары мен  билері екн әндерін әзірлеп келіпті.  

Сондай-ақ қазақ, украин, корей, татар, тағы басқа ұлттардың рәсімдері ұсынып, үздік деп танылған командалар мен  сайыскерлер алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.


Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024