Қазақстан • 13 Мамыр, 2019

«Жусан» жалғаса береді

855 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл басын­да тағдыр талайы мен діни сауат­сыздығы үшін заңсыз жолдар арқылы Сирияға тап болып, ондағы мерзімсіз соғыс­тың қыспағында қалған отандастарымызды құт­­қару операциясы жалғаса бере­тіндігін айтқан болатын. Жалпы, «Жусан» операциясы жайындағы Қазақстан Президентінің мәлімдемесімен қатар тараған қысқа ғана бейнероликте іс-шараның қалай өткендігі жа­йында ақпарат берілген.

«Жусан» жалғаса береді
Мәселен, бұл жолғы арнайы операция «Жусан-2» деп аталған. Елге қайтарылғандардың көбі әйелдер мен балалар екен. Бала­лар­дың бірқатарына қақты­ғыс аймақтарында оқ тиіп, елге ауыр жағдайда жеткізілген. Арнаулы қызмет өкілдерінің бірі баланы көтеріп келе жатып: «Ауырып жатқан жоқ па?» деп тіл қатады. Сірә, бала ашық жарақаттан қансырап келе жатса керек. Сондай-ақ іс-шара барысында халықаралық террористік ұйымдардың 16 өкілі де қоса жеткізілген. Алагеуім уақытта түсірілген (не таң, не кешкі уа­қыт­тағы кадрлар екені әзірге ай­тылған жоқ) бейнелерден кейбірінің автобустарға бал­дақ­қа сүйеніп кіргені, енді бірі­нің зембілмен жеткізілгені аңға­ры­лады. Ал жаңағы террористермен байланысы бар деген адамдарға қараңғы көзілдірік кигізіліп, кісен тағылғаны да байқалып қалды. Балалардың көпшілігі арнайы жасақ өкілдерінің құ­шағында жүр. Сол уақытта ба­ла­ларға ойыншықтардың тара­тылғаны көрініп тұрды. 
Тағы бір атап өтерлігі, құт­қа­рушысының сауалына қыс­қа жауап берген, бет-аузы тұм­ша­ланған келіншек өзінің 23 жаста екендігін, қолындағы ша­ра­на­сының үшінші баласы, ал ал­дыңғы екеуі әкесімен бірге Ракка қаласында әуе шабуылы кезінде опат болғандығын айтып берді. 
Бейнекадрлар бетіндегі титрлерде қазір құтқарылған әйелдер мен балалардың арнайы мамандандырылған карантиндік орталыққа орналастырылып, дәрігерлер мен психологтардың бақылауына алғаны көрсетілген. 
Соңында өксіп жылап тұр­ған келіншек және таза  суды құмар­лана ішіп тұрған мектеп жасына жетпеген бүлдіршіннің әке-шешең қайда деген сауалға «ешкімім жоқ» деген шымыр жауабы берілген. 
Жалпы, Сириядан қазақстан­дық­тарды қайтару операциясы жалғаса беретіні сөзсіз. Бұл біздің еліміздің әлемдік және халықаралық бейбітшіліктің жақтаушысы ғана емес, шетелдерде қиын-қыспақта қалған өз азаматтарының тағдырына бейжай қарай алмайтынының да көрінісі болып отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024