Әлем • 05 Шілде, 2019

Астана ауыстырудың әлемдік тәжірибелері

787 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Бағзы замандардан басталған мемлекеттердің астана ауыс­тыру үде­рі­сі бүгін де жалғасын табуда. Оған негізінен елдегі соғыс жағ­дайы, сая­си-экономикалық, экологиялық ахуалы себеп болу­да. Көп жағ­­дайда жаңа астананы белгілеуге сол мемлекет басшы­сы­­ның саяси ерік-жігері де әсер етеді. Мәселен, біздің еліміздің ас­та­­насын Арқа төсіне көшіруге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бас­­та­­ма­шы болып, бұл шешімнің дұрыстығын уақыттың өзі дәлелдеп берді.

Астана ауыстырудың әлемдік тәжірибелері

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы­ның көркі мен келбеті келіс­кен архитектуралық сәулетін айт­пағанда, елордамыз жаһандық деңгейдегі саяси орталыққа айналды. Оған қоса, әлемдегі ең жас астаналардың қатарынан орын алды. Осы орайда арғы-бергі тарихты електен өткізіп қарар болсақ, астананы ауыс­ты­ру үдерісінің қыр-сыры жар­қы­рап шыға келеді.

Ежелгі билеушілер өз рези­денцияларының шаңырағын жаңадан басып алынған жерде тіктеп, уығын шаншып, кере­гесін керіп отырды. Бұл – жаңа иеліктегі билігін шегендеудің қарапайым тәсілі. Билеушілер көп жағдайларда сыртқы әле­ует­ті жаудан бас қаланы қор­ғау мақсатында ел астанасын ше­карадан алыстау жерге орна­ластыруға тырысты.

Кейбір жағдайларда астана­лардың шектен тыс үлкейіп ке­туінен пайда болатын толас­сыз шу, былғаныш және ереуіл­дердің қаупіне байланысты да саяси орталық өзгеріп отырды.

Осы үдерісті зерттеуші сая­си сарапшылардың пайымдауын­ша, астананы басқа қалаға көші­рудің нақты себептері айқын.

Біріншіден, астаналарда ха­лық тығыздана қоныстанып, үде­ре көшу үдерісі толастамай кетеді.

Екіншіден, астананы ауыс­тыру елдің бас қаласы атануға лайықты, тең құқылы қалалар арасындағы талас-тартыстарды шешу үшін қолданылады.

Үшіншіден, әскери қауіп төнген сәтте астана ауыстыру мәжбүрліктен туындайды.

Сонымен қатар бас қала­ның гео­графиялық және геосая­си жа­ғдайы көңіл көншітпесе, мем­­лекетті басқарудағы және қоғамдық өмірдегі ескі дәстүр­лерден арылу міндеті қойылса, жаңа астана ретінде таңдалған өңір­дің дамуын жеделдету қа­жет болған жағдайда елдің сая­си о­р­талығы ауыстырылып келді.

Дәл осы себептер әлем кар­та­сын­дағы өзгерістердің бас­тауын­да тұр. Әдетте елдің астан­асын ауыс­тыру бір ғана себепке бай­ла­нып қалмайды. Бірақ осындай се­беп­терді саралай қарасақ, басым­дыққа ие дәйекті табуға болады.

Әскери және халықаралық жағдай. Кейбір мемлекеттер ел астанасын қалыптасқан әс­ке­ри жағдайға байланысты уа­­қыт­ша және түпкілікті ауыс­­­тыру­ға мәжбүр болады. Мә­се­лен, ІІ дүниежүзілік соғыс уақытында Анри Филипп Петен­нің Франция ас­танасын Виши қаласына ауыс­ты­руына тура келді. Өйткені Гер­мания Парижді басып алған еді.

Тарихтың тағы бір сәтте­рі­нен соғыс немесе мемлекеті­ші­лік шие­леністерден соң мем­­лекет­тер­дің екіге бөлініп кетке­нін көре­міз. Осындай кезде бір тарап өзінің астанасын жариялап жата­ды. Мәселен, қырғиқа­­бақ соғыс кезінде Сайгон қа­­ла­сы Оңтүс­тік Вьетнамның, Аден – Оңтүс­тік Йеменнің, ал Бонн – Гер­манияның астанасына ай­­налып шыға келді. Алайда, уа­­қыт өте бұл қалалар астана мәр­­те­­бе­сі­нен айырылды және қа­тар­д­ағы қала­лардың сапына қосылды. 

Саяси себеп. Вашингтон қаласы 200 жылдан астам уа­қыт­тан бері Американың сая­си билігінің қонысы болып ке­леді. Ұлыбританиядан тәуел­сіз­дік алу жолындағы күресте АҚШ өкілдерінің жиналыстары Филадельфияда өтіп тұрды. Кейін әскерилердің шабуылдарынан кейін үкімет жиналыс өткізетін орталыққа байланыс­ты ережелер мен қағидалар өз­гере бастады.

Келе-келе Потомак өзенінің жағалауындағы Мэриленд және Вирджинияның шекарасына таяу жер жиналыс өткізетін орын ретінде таңдалды.

1788-1789 жылдары аталған жоспар екі штаттың жиналысында мақұлданды. Сол кезде Ұлыбританиядан азаттық алуда, штаттарды бөлуде елеулі еңбек сіңірген әскери қолбасшысы Джордж Вашингтон президент болып сайланды.

Уақыт өте саяси орталыққа ай­налған өңір Колумбия авто­номдық ауданы болып аталып, Вашингтон елдің бас қаласына айналды. 1800 жылы жаңа қала бой көтергеннен кейін ел астанасы Филадельфиядан ресми түрде көшірілді.

Ел астанасының саяси себептермен көшірілуін Жапония, Үндістан, Ресей мен Аустралия да бастан өткерді.

Айталық, қазір Сидней мен Мельбурн Аустралияның ең ірі қалалары болып есептеледі. Ал ХХ ғасырдың басында екі қала­ның арасындағы астана мәр­те­бесін иеленуге байланысты та­лас-тартыстар өршіп кетуі себеп­ті «Аустралияның ас­таналық аумағы» деп аталған жаңа қаланы жобалау мен салу туралы шешім қабыл­данды. Қазіргі астана – Кан­берра «кездесу орны» деген ма­ғы­наны біл­діреді және құры­лыс жұ­­мыс­­тары 20 жылға созылды.

Экономика және әлеумет­тік сала. Бразилияның халқы тығыз қо­­ныс­­танған Рио-де-Жанейро қа­ла­сы жағалауға жақын қоныс теп­кен­діктен әскери қауіп-қа­терге ұры­на беруі себепті ел ас­т­а­насы мәр­­тебесі 1960 жы­лы құр­­лықтың қойнауында жаңа­дан салынған қала – Бразилиаға берілді.

Бұл қадам елдің жағалау бойы қоныстанған халық санын азайтуға бағытталған еді. Елдің сол кездегі президенті Жусе­лину Кубичеканың айтуынша, ол жарты ғасырға шама­ланған құрылысты бес жылдың ішінде жүзеге асырып тынған.

Бразилиа қаласын тұрғызуға шамамен 2 трлн АҚШ доллары жұмсалған. Осының себебінен үкі­мет алдағы жылдардың бюд­же­тін жасақтауда көптеген қиын­дықтарға тап болды.

Бастапқыда жаңа астанада әлеуметтік тепе-теңдік сақ­та­лып, Бразилияның өзге қала­ларындағыдай көшеде ұйықтау­шылар болмайды делінгенімен, байлар мен кедейлер қатар бой көр­сетті. Қаладағы құры­лыс жұ­мыс­тары бітпей-ақ Брази­лиада кедейлер ауданы пайда болды.

Дәл осындай әлеуметтік се­беп­­терге байланысты, атап айт­қан­да бас қаладағы халықтың ты­­ғыз қоныстануынан Пәкі­стан, Ни­­ге­рия, Малайзия мемле­кет­тері ас­та­на­ларын өзгертуге мәжбүр болды.

Экология. Астана ауыс­тыру­дың жоғарыда аталған се­беп­теріне экологиялық күр­делі ахуалдың да қатысы бар. Мәселен, біздің еліміздің астанасын Алматыдан Ақмолаға көшірудің басты себептерінің қатарында дәл осы экологиялық ахуал айтылады. Әрине Елбасы астананы ауыстыру туралы бас­тамасын жариялап, депутаттар алдында жасаған тарихи баяндамасында Ақмола қаласының тәуелсіз мемлекетіміздің астанасы болып таңдалуының 32 негізгі өлшемін атап көр­сет­ті. Олар: әлеуметтік-экономи­ка­лық, геосаяси, көлік инфра­құ­ры­­­лымы, инженерлік-комму­ни­­ка­циялық, құрылыс, еңбек ресурс­тары және басқа да қо­лай­лы мүмкіндіктер болатын.

«…Сіздердің қараулары­ңыз­ға республиканың өміріне, әсі­ресе алдағы болашағы үшін аса маңызды мәселені – елі­міз­­дің аста­насын көшіру туралы мәсе­лені қойғалы тұрмын. Ал­­­ма­ты тәуелсіз мемлекеттің талап­­­­тары­на қазірдің өзінде-ақ жауап бере алмайды, – деді сон­да Мем­лекет басшысы. – Сон­дық­тан менің тапсырмам бойынша мем­лекеттің жаңа ас­танасының орналасатын жерін анықтау мақсатында рес­­пуб­ликаның күллі аумағы ег­жей-тегжейлі тексеруден өт­кізілді. 32 параметр бойынша жүргізілген сараптама барлық нұсқалардың ішінде ең дұрысы Ақмола екенін көрсетті», деген еді Елбасы депутаттар алдында.

Қазір бұл шешімнің дұрыс­тығын уақыттың өзі дә­лел­деп отыр. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы айшықты аста­налардың алдыңғы легінен орын алады.

Сонымен қатар біздің еліміз­­дің ізімен Әзербайжан, Боли­вия, Ұлыбритания, Мысыр, Ис­пания, Мексика, Ресей, Фран­ция, Оңтүстік Корея, Жапония, Индонезия, Таиланд, Аргентина, Иран және басқа да мемлекеттер астаналарын ауыстырудың тиімді жағын қарастыруда.