08 Тамыз, 2019

Сертификат орнатудың қажеті жоқ

372 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті киберқауіпсіздік пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бұған дейін дербес құрылғыларға жаппай орнату ұсынылған қауіпсіздік сертификатының сынақтан сәтті өткізілгенін және тестілеудің мерзімі аяқталғанын хабарлады.

Сертификат орнатудың қажеті жоқ

Осы орайда, Мемлекет басшысы Қа­сым-Жомарт Тоқаев туит­тердегі парақ­ша­­сында өзінің тапсырмасы бой­ын­ша ҰҚК Кибер­қал­қан бағ­дарламасы аясында сер­­­тификат қауіпсіздігін тесті­­леуден өт­кізгенін және Қа­­зақ­­станның ақ­­парат ке­ңіс­­тігі қауіпсіздігі
жә­не сертифи­­кат­ты сырттан қауіп төн­ген жағдайда ға­на қолдану мүм­­кіндігі дәлел­денгенін жаз­­ды. Президент сонымен қа­тар бұл сынақ­тың интернет қол­да­ну­шы­ларға қолай­сыз­дық туғыз­баға­нын көрсете отырып, Ұлт­тық қа­уіп­сіздік комитетіне алғыс білдірді.

Мемлекет басшысы: «Кибер­қал­қан бағдарламасы бойынша қауіпсіздік сертификатын тес­тілеудің жедел аяқталуы сырттан қауіп төнгенде техникалық жаб­дықталу деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Мұндай жа­ғ­дайлар бұ­рын болған. Ең бас­тысы, Қазақстанның интернет қолданушыларына қо­лай­сыздық болмайды. Қауіптенуге еш негіз жоқ», деп атап өтті.

Ал Ұлттық қауіпсіздік ко­ми­тетінің баспасөз қызметі бұл сы­нақтың кибер және ақпараттық кеңістікте киберқауіптің алдын алу жүйесін тексеріп көруге мүм­кіндік бергенін мәлімдеді.

Рес­ми деректерге қарағанда, Ақ­па­раттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы тек өткен ай­да ғана мемлекеттік органдар мен жеке компанияларға қа­тыс­ты 8 млн мәрте вирустық бел­сенділікті және 130 мың кибершабуылды анықтаған. Одан бөлек, бірқатар мемлекеттік органдарға кибертыңшылық жасау фактілері ашылған. Соны­мен қатар серти­фикат енгізу­дің түйткілді мәсе­лелері зерде­леніп, байланыс опе­ра­торлары­ның жұмысына ықпал ете­тін тұс­тары тексерілген. Бұл жос­парлы жұмыс «Қазақстан Рес­публи­касының Ұлттық қауіп­сіздігі туралы» Заңға сәйкес және киберқауіпсіздік пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақ­сатында жүзеге асырылған.

Сайып келгенде, сертификат болашақта ұлттық қауіпсіздікке кибер және ақпараттық шабуыл қатері төнген жағдайда ел азаматтарына алдын ала ескертіле отырып, қолданылатын болады. Сонымен тестілеу жұмыстары 7 тамыздан бастап тоқтатылды.

Бұған дейін, әсіресе Нұр-Сұл­­тан қаласының тұрғындары ара­сында осы қауіпсіздік серти­фика­тын орнатуға байланыс­ты түсініс­пеу­шіліктер туындаған бо­латын. Қоғамда оны орнату қа­жеттілігі, жүргізілуі мүмкін «аң­дулар» туралы пікірталастар өршіп кетті.

Сондықтан бұл мәселеге Бас про­куратура араласып, жеке өмір­ге қолсұғылмаушылыққа, жеке басы мен отбасы құпия­сына, хат алмасуға, телефон ар­қы­­лы сөй­лесуге, хабарларға конс­ти­­ту­ция­лық құқықтардың сақ­та­ла­ты­нына мемлекет кепіл­дік беретініне назар аударды. Сон­дай-ақ аталған талап­тар­ды бұзу қылмыстық жауап­кер­ші­­лікке әкелетінін мәлім­деді. Атап айтқанда, электронды ақпараттық ресурс­тар­ға, ақпа­рат­тық жүйеге заңсыз кі­ру немесе телекоммуника­ция­лар желісі бойынша беріле­тін ақпа­ратты заңсыз ұстап қалу үшін қыл­мыстық жауапкер­шілік бар және бес жылға дейін бас бос­танды­ғынан айыру көздел­ген (Қыл­мыстық кодекстің 147-бабы­ның 3-бөлігі). ҚК 148-бабында хат жазысу, телефонмен сөй­лесу, пошта, телеграф хабар­лары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзғаны үшін жауапкершілік  белгіленген.

Енді қауіпсіздік сертифика­тын сынақтан сәтті өткізген ҰҚК осы уақытқа дейін атал­ған сертифи­катты дербес құ­рылғыларына – ұя­лы телефон, компьютер жә­не т.б. қондырып үлгерген қазақ­стан­дық­тарға оны өшірудің де жол­дар­ын көр­сететін нұсқау­лық­тар таратты.