Қоғам • 12 Тамыз, 2019

Министр түрмеге барды

228 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы облысының Заречный кентінде орналасқан ЛА-155/8 колониясы қызметінің ұйымдастырылуын тексерді. Бұған дейін аталған колонияда жазасын өтеушілерді ұрып-соғу сәті бейнеленген жазбалар интернет желісінде таралып, үлкен шу туғызғаны белгілі.

Министр түрмеге барды

Колонияға Ішкі істер министрімен бірге «Адам құқығын қорғау хартиясы» қоғам­дық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова, Халықаралық түрме реформасы Орталық Азиядағы өкілдігі директорының орынбасары Жанна Назарова, ұлттық пре­вентивтік механизмнің мүшесі Игорь Мирош­ниченко және журналист Тохнияз Кучуков, заң ғылымдарының докторы, пенитенциарист Айдархан Сқақов, ІІМ Қоғамдық кеңесінің мүшесі Рүстем Хайдаровтар барды. Олар сот­талғандар ұсталатын отрядтар мен камера­ларды аралап, жазасын өтеушілердің тұр­мыстық жағдайларымен танысты. Сондай-ақ медициналық-санитарлық көмек көрсету, тамақтандыруды ұйымдастыру және еңбекпен қамту мәселелерін қадағалады.

Бүгінде аталған колонияда 737 сотталған бар. Оның ішінде еңбекке жарамды 426 адамның 243-і жұмысқа орналастырылған.

Колония аумағында шағын және орта бизнестің 7 нысаны жұмыс істейді, онда 119 жазасын өтеуші металл құрылымдарын, шлакты блоктар дайындаумен және тігін тігумен айналысады.

Министр мекеме аумағындағы жалпы білім беретін мектепті және кәсіптік-техникалық колледжді аралап көріп, білім беру үдерісін ұйымдастыру сапасына көңіл аударды. Ресми делегация өкілдеріне оқытылатын мамандықтар тізімі көрсетіліп, оқу орнының материалдық-техникалық жабдықталу жағдайы таныстырылды.

Осы жағдайларды көзімен көрген Алма­ты облысының қоғамдық бақылау комиссия­сының өкілі Игорь Мирошниченко министр­лік тарапынан бас бостандығынан айы­ру орындарындағы жұмыспен қамту ұйым­д­ары және азаматтық қоғаммен өзара диа­лог­ты нығайтудағы оң үрдістерді атап өтті.

– ІІМ оң үрдіске бет бұрды. Жұмыс нәти­желері байқалады, барлық төтенше жағдай фактілері бойынша дереу шаралар қабыл­данады. Азаматтық қоғамның жұмысы үшін ешқандай кедергі жоқ, – деді И.Мирош­ниченко. Сондай-ақ аза­маттық қоғамдастықтың өкілі түзеу мекемелерін жаңғырту бойынша бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Е.Тұрғымбаев азаматтық қоғам өкілдері­мен бірге сотталғандардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдау барысында негізінен ұстау режімі, қылмыстық істер, тұрғылықты жері бойынша ауыстыру және құжаттандыру мәселелері бойынша 37 адам жүгінді.

Сотталғандарды қабылдағаннан кейін Ішкі істер министрі азаматтық қоғам өкілдерімен бірге келіп түскен ұсыныс-тілектердің бар­лығын талқылап, бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандардың жағ­дайын жақсартуды оңтайландыру бойынша бір­қатар заң актілеріне өзгерістер енгізуге қатысты ұсыныстарды қарау туралы шешім қабылдады.

Бұдан соң ведомство басшысы Алматы облы­сы­ның ҚАЖД жеке құрамымен жұмыс кеңесін өткізді. Кеңесте колония қыз­мет­керлерінің жазаларды орындау саласындағы заңнамаларды және сотталғандардың құқық­тарын мүлтіксіз сақтауына баса назар аударды, сондай-ақ мекемеде болған төтенше жағдайды тексеру нәтижелерін қарады.