Спорт • 27 Қазан, 2019

Теннис: Кукушкин екінші кезеңде сүрінді

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Австрияның астанасы – Венада өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин екінші айналымнан аса алмады.  

Теннис: Кукушкин екінші кезеңде сүрінді

Жүлде қоры 2 296 490 евроны құраған «ATP Erste Bank Open 500» жарысының екінші кезеңінде жерлесіміз испаниялық Пабло Карреньо-Бустамен шеберлік байқасты. Кукушкиннің 28 жастағы қарсыласы осыдан екі жыл бұрын әлемдік рейтингте «ТОП-10» ойыншының қатарында болған. Оның ең үздік көрсеткіші – 2017 жылы АҚШ-тың ашық біріншілігінде жартылай финалға шығуы. Сондай-ақ, ол Ролан Гарростың ширек финалында өнер көрсетті.

Венадағы кездесу 2 сағат 19 минутқа созылып, 7:6, 4:6, 1:6 есебімен Пиреней түбегі түлегінің жеңісімен аяқталды.