![Теннис: Кукушкин екінші кезеңде сүрінді](/media/2019/10/27/77653505-31c2-4fc6-b346-ca6ef86d2e4b.jpeg)
Жүлде қоры 2 296 490 евроны құраған «ATP Erste Bank Open 500» жарысының екінші кезеңінде жерлесіміз испаниялық Пабло Карреньо-Бустамен шеберлік байқасты. Кукушкиннің 28 жастағы қарсыласы осыдан екі жыл бұрын әлемдік рейтингте «ТОП-10» ойыншының қатарында болған. Оның ең үздік көрсеткіші – 2017 жылы АҚШ-тың ашық біріншілігінде жартылай финалға шығуы. Сондай-ақ, ол Ролан Гарростың ширек финалында өнер көрсетті.
Венадағы кездесу 2 сағат 19 минутқа созылып, 7:6, 4:6, 1:6 есебімен Пиреней түбегі түлегінің жеңісімен аяқталды.