Оқиға • Бүгін, 18:15

Орал маңында мектеп автобусы жол апатына түсіп, балалар зардап шекті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданына қарасты Подстепное ауылында мектеп автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Орал маңында мектеп автобусы жол апатына түсіп, балалар зардап шекті

Орал қаласы маңындағы Подстепное кентінде №12 бағыттағы қоғамдық көлік мектеп автобусына соғылды. Соққы салдарынан оқушылар отырған автобус алда тұрған Ford Galaxy көлігіне соқтығысып, жолаушылар автобусы жолдан шығып, бағанаға соғылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатта зардап шеккендер бар, олардың ішінде балалар да бар. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметтері дереу жетті.

Елімізде жол апатынан болатын өлім-жітім 9,7%-ға азайды

Қазіргі уақытта жол апатының нақты себептері анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар