Елорда • Бүгін, 17:47

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмыстары басталды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорданың коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық тазалау жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмыстары басталды

Осы ауқымды жұмыс аясында қалалық инфрақұрылымның әртүрлі нысандары тазаланып, жуылады. Атап айтқанда, қоршаулар, аялдамалар, жарық бағаналары, жол белгілері, жолдар, тротуарлар толық тазартылады. Сонымен қатар, аула, скверлер, саябақтар және басқа да қоғамдық орындарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Қаланың барлық ауданында санитарлық тазалау жұмысы белсенді жүріп жатыр. Нұра ауданында жергілікті аумақтарды тазалау және ретке келтіру бойынша жүйелі жұмыс жүруде. Жолдар жуылып, тротуарлар, көпірлер, аялдамалар және қалалық инфрақұрылымның басқа элементтері тазаланып жатыр.

Байқоңыр ауданында санитарлық тазалаумен қатар аула, сквер және саябақтарда жөндеу-қалпына келтіру жұмысы басталды. Балалар мен спорт алаңдары, қоқыс контейнерлері орналасқан орындар реттеліп, абаттандыру элементтері қалпына келтіріліп жатыр.

л

Алматы ауданында жұмыстар күшейтілген режимде жүріп жатыр, күнделікті жұмысқа шамамен 300 жол жұмысшысы мен 250-ден астам арнайы техника жұмылдырылған. Жолдарды және инфрақұрылымды жуумен қатар, жасыл желектерге күтім көрсетіліп, аялдамалар тазартылып, аншлагтар мен қоршаулардың элементтерін қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр.

Талдыкөлде тазарту жұмыстары жүргізілді

Есіл ауданында да көктемгі жөндеу-қалпына келтіру жұмысы басталды. Тас төсемелер қалпына келтіріліп, Д.Қонаев көшесіндегі тіреу қабырғасының үстіңгі тақталары жөнделуде. Күнделікті қалалық инфрақұрылымның кешенді жуу жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысқа 500-ден астам жол жұмысшысы мен 200-ден астам техника жұмылдырылған.

о

Сарыарқа ауданында да ауқымды санитарлық тазалау жүргізіліп жатыр. Жұмыстар жол жабындысын, жерасты өткелдерін, аула аумақтарын және көше жиһаздарын қамтиды. Сонымен қатар, аялдамалар тазаланып, абаттандыру элементтері жөнделіп жатыр. Санитарлық тазалауға 735-тен астам техника және 253 жол жұмысшысы жұмылдырылған.

Олжас Бектенов «Ақ-Ата» бұлағын тазарту жұмысына атсалысты

Сарайшық ауданында 200-ден астам арнайы техника мен 400 жол жұмысшысы тартылған. Қар шығару, құм-топырақ пен ірі қоқыстардан тазарту, жол жиегін жинау, тротуарлар мен көпірлерді жуу жұмысы жүргізіліп жатыр.

о

Қазір қаланың барлық алты ауданында санитарлық тазалау жұмысы жүргізілуде. Тротуарлар мен жол жабындары арнайы техниканың көмегімен тазаланып, көгалды тұстар және басқа жерлер ретке келтіріліп жатыр.

Қонаевта кәріз-тазарту жүйесінің құрылысына қанша қаржы жұмсалады?

Соңғы жаңалықтар