Ескірген нысан қаладан небәрі 3-4 шақырым жерде орналасқан. Ал жаңа кәріз-тазарту жүйесі Қонаевтан 15 шақырым жерде бой көтереді.
Қонаевтағы желкенді спорт оқу-жаттығу орталығы қала меншігіне өтті
Құрылысқа тапсырыс беруші – Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы. Жоба мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында жүзеге аспақ. Әріптес компания – «Daur Capital» ЖШС. Нысанның құрылысы 20 ай ішінде аяқталады деп жоспарланып отыр. Оған 33 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ.
Жаңа нысанның қуаттылығы тәулігіне 25 текше метрден астам суды сүзгіден өткізуге мүмкіндік береді. Кәріз-тазарту жүйесі 215 гектар аумақта салынады. Қазіргі таңда жер жұмыстарын бастауға дайындық жүріп жатыр. Негізгі технологиялық жабдықтар, құбырлар және жинақтаушы тоғандарға арналған гидрооқшаулағыш материалдар сатып алынды.
Тозығы жеткен кәріз-тазарту жүйесі жаңасы іске қосылғаннан кейін рекультивацияланады.