Құттықтаймыз
Ғалым СҮЛЕЙМЕН

Ғалым СҮЛЕЙМЕН

«Egemen Qazaqstan»
4109 материал табылды

Футбол • Бүгін, 10:20

Пиренейлік қос команда – келесі кезеңде

Мундиальдағы кезекті жарыс күні Испания мен Аустрия құрамаларының бәсекесімен басталды. Инглвуд (АҚШ) қала­сын­дағы кездесуді 70 492 кө­рермен тамашалады. Бұл – «Соу-Фай Стэдиумда» бос орын болмады деген сөз.

Спорт • Кеше

Жарыс күнделігі

ФИДЕ-нің жаңартылған рейтингінде Бибісара Асаубаева бесінші сатыға орнықты. Сөйтіп, қазақтың аса дарынды шахматшысы өз мансабында алғаш рет әйелдердің ТОП-5-тігіне енді.

Футбол • Кеше

Үш ойында екі камбэк

Әлем чемпионатының кезекті күні екі бірдей тосын нәтиже тіркеле жаздады. Атланта (АҚШ) қаласындағы «Мерседес-Бенц» стадионында өткен Англия мен Конго Демократиялық Республикасы құрамалары арасындағы бәсекеде есеп 7-минутта ашылды. Англияның айып алаңында еш қараусыз қалған Брайан Сипенга допты торда тулатты.

Спорт • 02 Шілде, 2026

Жарыс күнделігі

Еліміздің жасөспірімдер құрама­сы Паттайяда (Таиланд) өткен Азия біріншілігін (U15) 20 жүлдемен қорытын­дылады. Оның 4-еуі алтын, 5-еуі күміс, 11-і қола.

Футбол • 02 Шілде, 2026

Мбаппе Мессиді өкшелеп келеді

Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні, таң ата футболдан әлемдік доп додасының тағы үш ойыны өтті. 1/16 финалда Кот-д’Ивуар – Норвегия, Франция – Швеция, Мексика – Эквадор құрамалары күш сынасты.

Спорт • 30 Маусым, 2026

Допинг қолданғандар жазаланды

Еліміздің тағы бір топ спортшыларының допинг қолдан­ғаны анықталып, олар түрлі мерзімге үлкен спорттан шеттетілді. Бұл ақпарат республикалық допингке қарсы орталығының ресми сайтында жарияланды.

Шахмат • 24 Маусым, 2026

Гонконгтан олжасыз оралды

Гонконгта рапид пен блицтен командалық әлем чемпионаты мәреге жетті. Төрткүл дүниенің әр қиырынан жиналған шебер шахматшылардың қатысуымен өткен жарыста еліміздің қос командасы бақ сынады.

Спорт • 24 Маусым, 2026

Чемпионат қызықтары

«Opta» суперкомпьютері мундиальдің бірінші турының қорытындысы бойынша әлемнің шартты құрамасы сапына мына ойыншылардың енгенін жария етті: қақпашы – Возинья (Кабо-Верде); қорғаушылар – Энтони Робинсон (АҚШ), Амир Мурильо (Панама), Гарри Суттар (Аустралия), Педро Лопес (Кабо-Верде); жартылай қорғаушылар – Уэстон Маккенни (АҚШ), Айюб Буадди (Марокко): шабуылшылар – Лионель Месси (Аргентина), Эрлинг Холанн (Норвегия), Килиан Мбаппе (Франция), Ян Диоманд (Кот-д’Ивуар).

Спорт • 23 Маусым, 2026

Жарыс күнделігі

Ньон (Швейцария) қаласында футзалдан 2008 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесі тартылды. Біздің ел алтыншы топқа түсті. Қарсыластарымыз – Албания мен Беларусь. Жарыстың негізгі кезеңінде үш-үштен 12 топқа бөлінген 36 команда өзара шеберлік байқасады. Бұл ойындар 12–21 қазан, 2–11 қараша, 6–9 желтоқсан, 22 ақпан мен 3 наурыз күндері өтеді. Әр топтың жеңімпаздары мен екінші орын алғандар арасында ең жақсы нәтиже көрсеткен төрт ұжым бірден іріктеудің элиталық кезеңіне жолдама алады. Екінші сатыға тұрақтаған сегіз команда плей-офф сайысында бақ сынайды.

Спорт • 23 Маусым, 2026

Саламат Эй-Джеймен күш сынасады

АҚШ-тың PFL лигасының жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде күш сынасып жүрген Саламат Исбуллаев кезекті жекпе-жегін 27 маусымда Сан-Диегода жергілікті жұлдыз Эй-Джей Маккиге қарсы өткізеді.

Яндекс.Метрика