Қысқы спорт • 26 Ақпан, 2025
28 ақпанда Алматыдағы Шымбұлақ тау шаңғысы курортында фристайлдың могул, параллельді могул, шаңғы акробатикасы түрлерінен Әлем кубогінің кезеңдік сайысы басталады. Үш тәулікке созылатын жарыста 17 мемлекеттен келген 100-ден аса спортшы өнер көрсетеді.
Спорт • 26 Ақпан, 2025
28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Ташкентте ранд Слэм турнирі өтеді. 23 мемлекеттен келген 250-ге тарта дзюдошы күш сынасатын жарыста еліміздің 20 балуаны өнер көрсетеді.
Спорт • 25 Ақпан, 2025
Спорттық гимнастикадан Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогінің кезеңдік сайысы Милад Каримидің жарқын жеңісімен аяқталды. Еркін жаттығудың финалында ол 14,133 ұпай жинап, бас жүлдені олжалады. Күміс медальды жапониялық Кацуки Минами (13,666) иеленсе, үздік үштікті италиялық Никколо Вануччи (13,533) түйіндеді.
Спорт • 25 Ақпан, 2025
Оңтүстік Кореяның астанасы – Сеулде өткен «Төрт құрлық біріншілігінде» Михаил Шайдоров алдына жан салмай, бас жүлдені олжалады. Кезінде аталған жарыста еліміздің спортшылары арасынан тек Денис Тен ғана топ жарған еді. Енді міне, араға 10 жыл салып, дәл сол қалада алматылық өрен даңқты жерлесінің жетістігін қайталады.
Бокс • 25 Ақпан, 2025
Болгарияның бас шаһары – Софияда «Странджа» турнирінің жалауы желбіреді. Бір аптаға созылатын дүбірлі додада әлемнің бірқатар мемлекетінен келген белді боксшылар бақ сынайды. Солардың қатарында еліміздің ұлттық құрамасы да бар.
Спорт • 25 Ақпан, 2025
Швейцарияның Ленцерхайд қаласында әлем чемпионаты мәреге жетті. Жарыстың жалпыкомандалық есебінде Франция құрамасы алдына жан салмады. Олар 6 алтын, 2 күміс, 5 қола медальды олжалады.
Жекпе-жек • 22 Ақпан, 2025
Аса жеңіл салмақта (57 кг) күш сынасып жүрген қазақтың танымал аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев өз командасымен бірге Америкаға аттанды. Ол 2 наурызда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC Fight Night 253 турнирінде Аустралияның арланы Стив Эрцегпен айқасуға тиіс еді. Бірақ түрлі себептерге байланысты бұл кездесу өтпейтін болды.
Спорт • 21 Ақпан, 2025
2029 жылғы Х қысқы Азия ойындары Сауд Арабиясында өтеді. Бұл жөніндегі шешім Камбоджада өткен Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) Бас ассамблеясында қабылданды. Бұған дейін аталған жарыстың жалауы тек төрт мемлекетте желбіреген еді, олар: Жапония (4 рет), Қытай (3 рет), Қазақстан (1 рет), Оңтүстік Корея (1 рет). Сауд Арабиясы қысқы Азиадаға биыл алғаш рет қатысты.
Жекпе-жек • 21 Ақпан, 2025
Жалаң жұдырықпен күш сынасудан Алматыда өткен «Nomad Fighting Championship» 12 турнирінде Жұман Жұмабеков жарқын жеңіске қол жеткізіп, жанкүйерлерін қуантты.
Күрес • 21 Ақпан, 2025
25 ақпанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында PWL Кәсіпқой күрес лигасының турнирі өтеді. Оған әлемнің әр қиырынан жиналған атақты спортшылар мен еліміздің белді балуандары қатысады.