Спорт • 16 Мамыр, 2025
Руслан Сариев Франсиско Фигередомен айқасады
Отандық «Алаш Прайд» промоушені 27 мамырда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында аралас жекпе-жектен халықаралық турнир ұйымдастыруды көздеп отыр.
Спорт • 15 Мамыр, 2025
Отандық теннисшілер қарт құрлықта күш сынасты
Бұл күндері әлемнің әр қиырында теннистен халықаралық турнирлер өтіп жатыр. Сол жарыстарда Қазақстанның да өкілдері бақ сынауда, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Мамыр, 2025
Жарыс күнделігі: Шайбалы хоккей
Шайбалы хоккейден Швеция мен Данияда өтіп жатқан әлем чемпионатында еліміздің құрамасы үшінші мәрте мұз айдынына шықты. Осыған дейін Норвегияны (2:1) ұтып, Германиядан (1:4) жеңілген жерлестеріміз кеше Мажарстанмен күш сынасты. Өкінішке қарай бұл кездесуде жолымыз болмады. Олег Болякиннің шәкірттері өз қарсыластарына 2:4 есебімен есе жіберді. Осы ойында біздің жігіттер арасынан Никита Михайлис пен Валерий Орехов мергендік танытты.
Спорт • 14 Мамыр, 2025
БАӘ-нің Фуджейра қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында еліміздің екі таэквондошысы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Алғашқы алтынды 61 кг салмақтағы Хамзаальпер Ромашкин жеңіп алды. Финалда ол канадалық Никола Самордичке сан соқтырды. 65 кг салмақта сайысқа түскен Сағынғали Жантөренің де бағы жанды. Қандасымыз финалда украиналық Максим Шудженконың осал тұсын оңай тапты. Алла Цой (47 кг) мен Аида Гожалимова (51 кг) қола медальді қоржынға салды.
Спорт • 26 Сәуір, 2025
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коммерс қаласында кәсіпқой бокс кеші өтті. Басты жекпе-жекте 27 жастағы қазақ нокаутері Садриддин Ахмедов (15-0, 13 КО) 34 жастағы мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6, 16 КО) жұдырықтасты. 10 раундқа есептелген айқас аяғына дейін созылып, қорытындысында тең есеп тіркелді. Сөйтіп, Садриддин өзінің спорттық мансабында алғаш рет жеңіске жете алмады. Бәсеке аяқталғаннан кейін жерлесіміз: «Бесінші раунда қолымды сындырып алдым, сол себепті Эспадасты ұрып құлата алмадым», деп көпшілік алдында ақталғандай болды.
Спорт • 24 Сәуір, 2025
Жарыс күнделігі: Спорттық гимнастика
Спорттық гимнастикадан Дохадағы Әлем кубогінің екінші кезеңінде Милад Карими екі бірдей бас жүлдені олжалады. 25 жастағы Алматының өрені алғашында еркін жаттығуда алдына жан салмаса, одан кейін кермеде қарсылас шыдатпады. Миладтан бөлек, Алтынхан Темірбек пен Нариман Құрбанов та жеңіс тұғырына көтерілді. Алтынхан («ат») күміс, Нариман (еркін жаттығу) қола медаль иеленді.
Спорт • 22 Сәуір, 2025
24 сәуірде Таиландтың астанасы – Бангкокта дзюдодан Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Бес тәулікке созылатын бәсекелер барысында 30-дан аса мемлекеттен келген 300-ге тарта балуан бақ сынайды. Олардың қатарында Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттары, басқа да дүбірлі додаларда дараланған дарабоздар да бар.
Хоккей • 18 Сәуір, 2025
Хоккейшілер әлем чемпионатына даярлануда
9-25 мамыр аралығында Швеция мен Данияда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Сәуір, 2025
Бангкокта дзюдодан Азия чемпионаты басталады
25-27 сәуір аралығында Таиландтың астанасы – Бангкокта дзюдодан Азия чемпионаты өтеді. Бұл жарыста 30 мемлекеттен келген 295 балуан бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауыр атлетика • 18 Сәуір, 2025
30 сәуір – 6 мамыр аралығында Перудің астанасы – Лимада ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің жалауы желбірейді. Бұл бәсекеде еліміздің жеті өрені өнер көрсетеді.