Спорт • Бүгін, 08:07

Жарыс күнделігі

0 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

БАӘ-ның Фуджейра қаласында таеквондодан ірі халықаралық турнир аяқталды. Оған 50-ден аса мемлекттен келген 900-ге тарта спортшы қатысты. Жарысты еліміздің ұлттық құрамасы үш қола медальмен қорытындылады. Жүлде игерлері – Бахадыр Шапулатов (54 кг), Мақсат Орынбасар (74 кг), Нұрлан Мырзабаев (87 кг).

Жарыс күнделігі

Сурет: olympic.kz

  • Еліміз «FIFA Series 2026» доп додасын өткізу құқығына ие болғаны белгілі. Кеше сол жарыстың кестесі жарияланды. Жерлестеріміз тұсаукесер кездесуін ­25 наурызда Комор аралдарына қарсы ойнай­ды. Сол күні Кувейт пен Намибия күш ­сынасады. Араға үш тәулік салып алғашқы матчта жеңілген командалар кездессе, жеңіске жеткендері өзара шеберлік байқасады. Бәсекелер «Астана Аренада» өтеді.
  • Мальдив аралдарының астанасы – Маледе волейболдан әйелдер арасында Орталық Азияның Чемпиондар лигасы басталды. Тұңғыш рет ұйымдастыры­лып отырған жарыста былтыр еліміздің кубогін олжалаған Алматының «Тұраны» бақ сынайды. Олар «А» тобына түсті. Қарсыластары – жергілікті «Вамко» мен Шри-Ланканың «Хирдараманиі». В тобында Иранның «Вулад», Өзбекстанның «Хумо», Непалдың «Непал Полис», Мальдивтің «Хура Комьюнити» клубтары шеберлік байқасады. Жарыстың жеңімпазы сәуір айының соңында Оңтүстік Кореяның Коян қаласында тұсауы кесілетін AVC Чемпиондар лигасында күш сынасу құрметіне ие болады.
  • 8 ақпанда аралас жекпе-жектен Лас-Вегастағы UFC Fight Night 266 тур­нирінде Николай Веретенников (13-7) бразилиялық Жозе Энрике Соузамен ­(8-1) сайысқа түсуге тиіс еді. Алайда қарсы­ласы виза мәселесін дер кезінде шеше ал­мады. Сол себепті ол жарыс­тан шеттетілді. ­Енді жерлесіміз АҚШ файтері Нико Прайспен (16-9) айқасады.
  • Алматыда спорттық гимнастикадан ерлер мен әйелдер арасындағы ел чемпио­наты мәреге жетті. Жарыста Ілияс Әзі­зов еркін жаттығу мен шығыршықта топ жарса, Роман Хегай қоссырық пен көп­са­­йыста дара шықты. Ат жаттығуында На­ри­ман Құрбановқа, қолды тіреп секі­ру­де Алтынхан Темірбекке, кермеде Милад Каримиге тең келер ешкім табылмады.
  • Еркін күрестен еліміздің ерлер құрамасын (U23) енді 40 жастағы Еркебұлан Кешубаев жаттықтырады. Өз ісінің білгір маманы Алматыдағы Ша­ңырақ шағын ауданында орналасқан спорттағы дарынды балаларға арнал­ған мектеп-интернатта еңбек еткен жылдары бір шоғыр мықты балуандарды тәр­биеледі. Солардың бірегейі – елімізден шыққан тұңғыш әлем чемпионы Риза­бек Айтмұхан. Ал жастар құрамасы­ның ­(U23) тізгінін 36 жастағы Дәулет Нияз­бе­ков ұстады. Сыр бойының саңлағы әлем чемпионатында бір күміс, бір қола ­медаль иеленіп, Азия чемпионатында үш алтын, төрт қоланы олжалады. Сон­дай-ақ Лондон, Токио Олимпиадалары­на қатысып, екі жарыста да бесінші орын­ға табан тіреді. 
Соңғы жаңалықтар