Президент • Кеше

Түрік компаниялары Қазақстанда 3 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанға екі ел бірлесе іске асырып жатқан бірқатар инвестициялық жоба туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түрік компаниялары Қазақстанда 3 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашады

Атап айтқанда:

  • Абай облысында Miryıldız компаниясы кен байыту комбинатын салуға ниетті;
  • İskefe Holding Алматы қаласында желатин шығаруды жоспарлап отыр;
  • Orzax Group Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар шығаратын заманауи өндірісті қолға алды;
  • S Sistem Lojistik компаниясы «Қазпошта» акционерлік қоғамымен бірлесіп, Ақтөбе халықаралық әуежайы аумағында логистика орталығын салып жатыр;
  • Tiryaki Holding Астанада бидай мен асбұршақты терең өңдейтін зауыт құрылысына кірісті.

Аталған жобалар аясында елімізге 920 миллион доллардан астам инвестиция тартылып, 3100-ден аса жұмыс орны ашылмақ.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мемлекеттер басшыларына бүгінде түрік компанияларының қатысуымен ел экономикасының түрлі секторында 100-ге жуық инвестициялық жоба жүзеге асырылғанын баяндады. Олардың жалпы сомасы – 4 миллиард доллар шамасында.

Қазіргі кезде құны 4 миллиард долларды құрайтын тағы 50 бірлескен жобаға қатысты жұмыс жалғасуда. Бұл Қазақстан мен Түркияның инвестициялық ықпалдастығы қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар