Спорт • Кеше
Футболдан «FIFA Series 2026» жарысында еліміздің ұлттық құрамасының қарсыластары белгілі болды. Олар – Кувейт, Намибия, Камор аралдары. Бәсекелер 23–31 наурызда «Астана Аренада» өтеді. Сондай-ақ доп додасының алғашқы кезеңі біздің елден бөлек, Аустралия, Әзербайжан, Индонезия, Маврикий, Пуэрто-Рико, Руанда, Өзбекстанда ұйымдастырылады. Әйелдер арасындағы турнирлерді Бразилия, Кот-д’Ивуар, Таиланд қабылдайды.
Теннис • Кеше
Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігінің жекелеген сайысында өнер көрсетіп жатқан еліміздің бес теннисшісінің төртеуі келесі кезеңге шықты.
Спорт • 20 Қаңтар, 2026
Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубы Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өткен құрлық кубогінде күміс жүлдегер атанды. Алғашында олар Данияның «Хернинг Блю Фоксын» (6:2) ұтқанымен, Францияның «Анжесінен» (2:3) овертаймда жеңілді. Десек те осы төрт ұпай отандастарымызға өз тобында бірінші орын алуға жеткілікті болды. Ал финалда «Ноттингем Пантерзге» 2:4 есебімен ұтылды.
Теннис • 20 Қаңтар, 2026
Зарина ұтылды, қалғандары қатарда
Мельбурнде Аустралия ашық біріншілігінің шымылдығы түрілді. Жүлде қоры 74 900 000 долларды құраған дүбірлі додада әлемнің ең үздік теннисшілерімен қатар еліміздің бірнеше өкілі бақ сынайды.
Спорт • 20 Қаңтар, 2026
Футзалдан еліміздің ұлттық құрамасының бас бапкері болып Какау (толық аты-жөні – Рикардо Камара Собрал) тағайындалды. Бұл жаңалықты жанкүйерлер жылы қабылдады.
Бокс • 20 Қаңтар, 2026
Жампоз жаттықтырушы – жаңа қызметте
Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжановтың аяқ асты қызметінен кетуі біраз дау туғызды. Бокс федерациясының (ҚБФ) өкілдері ол денсаулығына байланысты өз орнын босатты десе, майталман маманның отбасы мүшелері жоғарыдағы әңгімені жоққа шығарды.
Спорт • 17 Қаңтар, 2026
Тау шаңғысынан Италияның Поцца-ди-Фасса қаласында жасөспірімдер арасында өткен халықаралық турнирдің алып слалом сайысында Александра Скороходова алтыннан алқа тақты. Күміс, қола медальдарды канадалық Симона Сент-Пьер мен америкалық Ноэль Рот иеленді. Былтырғы қарашада Скороходова Финляндиядағы жарыста алдына жан салмай, желтоқсанда Италиядағы бәсекеде жүлдегерлер қатарына қосылған еді.
Теннис • 17 Қаңтар, 2026
«Australian Open»: Қарсыластар анықталды
Ертең басталатын ең белді жарыстардың бірі – «Australian Open-2026» турнирінің тұсаукесер кездесулерінде еліміздің теннисшілері кімдермен күш сынасатыны белгілі болды.
Теннис • 16 Қаңтар, 2026
Мықтылар Мельбурн кортында кездеседі
18 қаңтарда Мельбурнде Аустралияның ашық біріншілігі басталады. «Үлкен дулыға» санатына жататын жарысқа әлемнің ең үздік теннисшілерінің түгелге дерлігі қатысады. Солардың қатарында еліміздің де бірнеше ойыншысы бар.
Ауыр атлетика • 16 Қаңтар, 2026
Осы аптаның басында Қызылорда облысы спорт басқармасының бастығы Бақтияр Артаевтың бұйрығымен Алмас Өтешовтің ауыр атлетикадан аталған өңірдің аға жаттықтырушысы болып тағайындалғанын естігенде, кәдімгідей қуанып қалдық.