Бокс • Бүгін, 13:11

«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болгарияның астанасы – Софияда өтіп жатқан «Странджа кубогінің» үшінші жарыс күні Қазақстанның 7 боксшысы өз өнерлерін ортаға салады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады

Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де басталатын күндігзгі бағдарламада мына былғары қолғап шеберлері күш сынасады:

А рингі

  • 57 кг. Ұлжан Сәрсенбек – Айдана Забынбекова;
  • 60 кг. Римма Волосенко - Алиша Крокетт (АҚШ).

В рингі

  • 51 кг. Жазира Орақбаева - Феруза Казакова (Өзбекстан);
  • 60 кг. Виктория Графеева – Гизем Озер (Түркия).

Софиядағы бокс бәсекесі: Қазақстанның 15 былғары қолғап шебері рингке көтерілді

Ал сағат 21:00-де басталатын кешкі бағдарламада мыны былғары қолғап шеберлерінің өнерін тамашалаймыз:

А рингі

  • 65 кг. Аружан Жаңабаева – Навбахор Хамидова (Өзбекстан),
  • +90 кг. Нұрлан Сапарбай – Даниял Сапарбай.

В рингі

  • 65 кг. Лаура Есенкелді – Мари-Анхелис Росендо (АҚШ).

Болгариядағы бокс бәсекесі: Ұлттық құрама сапында кімдер бар?

Соңғы жаңалықтар