Фото: janar_torehanqyzy
Байқау нәтижесінде Ақмарал Серікбаева жеңімпаз атанса, екінші орынды Ақсұңқар Алмаған мен Абдулла Ризабекұлы бөліскен. Үшінші орын үш жүлдегерге бұйырды, олар – Ақбота Шарибекова, Көкбөрі Мүбәрак және Санжар Қаскеев.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұсынған үздік балама атаулар мыналар:
Кресло – арқажай, отырғы.
Жалюзи – күнүзік, күнқағар, күнперде, шапақ, айқара.
Комод – толапша, суырма, кебеже, қаршы.
Простыня – жабын.
Пододеяльник – көрпеқап, көрпетыс, сейсеп.
Одеяло – күрбік, көрпе, жамшы.
Тумбочка – жандықша, қобди, тартпа.
Раковина – қолжуғыш, шұңғылтас, шұңғылша.
Удлинитель – тоқсым, ұзартоқ.
Миксер – шайқауыш, бұлғауыш, араластырғы.
Соковыжималка – сығын, шырынсыққыш, шырынсыққы.
Грильница – қақтақ, қақтағыш, тортаба.
Термокружка – термоқұты, күйсақтар.
Отпариватель – буүтік, бусап.
Мультиварка – тоққазан, пісқазан.
Мантоварка – буқазан, қасқан.
Плед – ораш, жамылғы.
Вытяжка – ауалық, ауасорғы.
Шлагбаум – тоссырық, аласырық, тоспа, жолтосар.
Фольга – үлдір, жұқалтыр.
Дуршлаг – сүзгіш.
Терка – үгітек, үккіш.
Косяк – жақтау.
Карниз – сырық.
Плинтус – жиек.
Гардина – желпіше.
Контейнер – асқорап, ассауыт.
Розетка – тоқұя.
Домофон – үнқақпа, шақырауық, есік қоңырауы, үйсыңғыр, үнді, үнқат.
Кондиционер – самалдатқыш, ауа баптағыш, ауабап, ауалеп.
Жаңа сөз жасау тек тіл мамандарының емес, қоғамның, білім беру жүйесінің, медианың және технология саласының ортақ жұмысы болса керек. Жаңа технология күн сайын жаңа атау әкеліп жатыр. Егер оларға қазақша балама уақытында ұсынылмаса, шетелдік сөз сол күйі орнығып кетері анық. Қазақ тілінің өз сөзжасам жүйесі өте бай анық. Сондықтан ішкі тілдік мүмкініктерді неге пайдаланбасқа. Кейбір ұмыт қалған сөздер қазіргі заманға өте лайық болуы да мүмкін. Осы ретте әрбір маман қазақ тілін байытуға өз үлесін қоса алатыны сөзсіз.