Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Президент ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директорын Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін өңірлік әлеуетті дамыту орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумының ашылу салтанатында сөз сөйледі.