Оқиға • Бүгін, 14:35

Алматыдағы қайғылы оқиға: Сотта жол апатының бейнежазбасы көрсетілді

1 мин
оқу үшін

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Сотта апат сәті түсірілген бейнежазба көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы қайғылы оқиға: Сотта жол апатының бейнежазбасы көрсетілді

Фото: kris_p_almata

Видеода Zeekr көлігінің жоғары жылдамдықпен қарсы бағыттағы жолақпен қозғалып, Mercedes көлігімен соқтығысқаны көрінеді.

Бұдан бөлек сот отырысында куәгерлер жауап беріп, апатқа дейінгі оқиға тізбегіне қатысты мәлімет берді.

Сотта қаза тапқан Томирис Қадырбектің анасы Арайылым Есенбаева айыпталушы Александр Пакты кешіргенін және оған ешқандай талабы жоқ екенін мәлімдеді.

Еске салсақ, қайғылы жол апаты 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби даңғылында болған. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі қыз көз жұмды. Бұған дейінгі сот отырысында екі жәбірленуші тарап сотталушымен татуласқанын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар