Қоғам • Бүгін, 12:27

Оралда әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім жол апатына ұшырады

1 мин
оқу үшін

Орал қаласының тұрғыны полицияға JAC маркалы көлігінің ұрланғаны туралы айтып, арызданған. Көлік Зачаганск кентінде тұрған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім жол апатына ұшырады

Фото: Ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, көлік жүргізушісі жол полициясы қызметкерлерінің тоқтау туралы талабын елемей, жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, электр бағанасына соғылған.
Кейін анықталғандай, рөлде көлік иесінің кәмелетке толмаған ұлы отырған. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Көлік иесі болған оқиғаға байланысты ешқандай шағымы жоқ екенін мәлімдеген.

Қазіргі уақытта полиция жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірімге көлік басқаруға мүмкіндік бергені үшін ата-аналарды жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырып жатыр.

Қордай маңындағы қайғылы жол апаты: Бір адам қаза тапты

Соңғы жаңалықтар