Президент • 28 Қазан, 2019

Жетістіктерді сақтап қалу маңызды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лука­шен­комен кездесті, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Жетістіктерді сақтап қалу маңызды

Кездесу барысында Елбасы екі ел арасындағы достық қаты­настарды сақтаудың және одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

– Біздің елге сапармен кел­геніңізге қуаныштымын. Біз бір­ге талай қиындықтардан өттік. Осы жылдардың ішін­де бір-бірімізден біраз нәр­се үйрендік. Қазір әлем айтар­лықтай өзгеріп жатыр. Мұн­дай жағдайда қол жеткізген жетістіктерді сақ­тап қалу ма­ңызды. Сізді Бела­русь Рес­пуб­ликасына сіңір­ген бар­­лық еңбегіңіз бен ада­ми қасиет­теріңіз үшін құрмет­теймін. Сондай-ақ Сіздің сенім­ді досыңыз болып қала бере­мін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде, Александр Лу­ка­шенко Қазақстанның Тұң­ғыш Пре­зидентінің өңірлік интегра­циялық бірлестіктер аясын­да ынтымақтастықты дамы­тудағы маңызды рөлін атап өтті.

– Сізді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құр­метті Төрағасы ретінде Санкт-Петербургте өтетін Кеңес отыры­сына шақыру жөнінде ортақ ұсыныс түсті. Бұл басқо­суда алдағы перспективалар­ды айқындаймыз. Тағдыр Қазақ­стан, Беларусь пен Ресейге посткеңес­тік кеңістіктегі осы интегра­цияның ядросы болуды жазды. Қазақстан Сіз арқылы әрқашан осындай интегра­ция­ның бастамашысы болды. Сон­дықтан жұмысты осы қарқын­мен жалғастыру керек, – деді Александр Лу­ка­шенко.