Кездесу барысында Елбасы екі ел арасындағы достық қатынастарды сақтаудың және одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
– Біздің елге сапармен келгеніңізге қуаныштымын. Біз бірге талай қиындықтардан өттік. Осы жылдардың ішінде бір-бірімізден біраз нәрсе үйрендік. Қазір әлем айтарлықтай өзгеріп жатыр. Мұндай жағдайда қол жеткізген жетістіктерді сақтап қалу маңызды. Сізді Беларусь Республикасына сіңірген барлық еңбегіңіз бен адами қасиеттеріңіз үшін құрметтеймін. Сондай-ақ Сіздің сенімді досыңыз болып қала беремін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Өз кезегінде, Александр Лукашенко Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өңірлік интеграциялық бірлестіктер аясында ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.
– Сізді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті Төрағасы ретінде Санкт-Петербургте өтетін Кеңес отырысына шақыру жөнінде ортақ ұсыныс түсті. Бұл басқосуда алдағы перспективаларды айқындаймыз. Тағдыр Қазақстан, Беларусь пен Ресейге посткеңестік кеңістіктегі осы интеграцияның ядросы болуды жазды. Қазақстан Сіз арқылы әрқашан осындай интеграцияның бастамашысы болды. Сондықтан жұмысты осы қарқынмен жалғастыру керек, – деді Александр Лукашенко.