Әлем • Бүгін, 16:17

Ауғанстанда су тасқыны салдарынан 77 адам қаза тапты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстанда соңғы он күнде нөсер жауын салдарынан болған су тасқыны мен көшкіндерден 77 адам қаза тапты, тағы 137 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ауғанстанда су тасқыны салдарынан 77 адам қаза тапты

Фото: NBC

Төтенше жағдайлармен күрес басқармасының мәліметінше, табиғи апат ірі залал келтірген. 793 үй толық қирап, тағы 2673 үй зақымданған. Сондай-ақ шамамен 337 шақырым жол шайылып кеткен. Кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы алқаптары мен суару жүйелері зардап шегіп, 5800-ден астам отбасыға әсер еткен.

Алдағы күндері синоптиктер ел бойынша жауын-шашын жалғасатынын болжады. Осыған байланысты билік тұрғындарды өзен жағалаулары мен су басу қаупі бар аймақтардан аулақ болуға шақырды.

Су тасқыны мен көшкіндер ел астанасын өңірлермен байланыстыратын негізгі тасжолдарға да зиян келтірген.

Ауғанстанда 500-ден астам музыкалық аспап әдейі өртелді

Ауғанстан экстремалды ауа райы құбылыстарына осал әрі әлемдегі ең кедей елдердің бірі болғандықтан, мұндай апаттар алғаш рет болып отырған жоқ. Бұған дейін де қалың қар мен кенеттен болған су тасқындары көптеген адамның өмірін қиған.

Соңғы жаңалықтар