Әлем • Бүгін, 17:00

Иран Парсы шығанағындағы елдерге қайта соққы жасады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иран Парсы шығанағы елдеріне қайта шабуыл жасап, нәтижесінде БАӘ мен Бахрейндегі энергетикалық және мұнай-химия инфрақұрылымы нысандарында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz DW-ге сілтеме жасап. 

Иран Парсы шығанағындағы елдерге қайта соққы жасады

Фото: REUTERS

Абу-Дабиде Borouge кәсіпорнында өрт әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері атып түсірген нысандардың сынықтары құлағаннан кейін басталғаны айтылды. Зауыттың жұмысы уақытша тоқтатылды, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Бұған дейін БАӘ билігі әуе қорғаныс күштері Иранның бірнеше зымырандары мен дрондарын жойғанын мәлімдеген. Тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау ескертіліп, елдегі қатты дыбыстар әуе шабуылына қарсы жүйелердің жұмысымен түсіндірілді.

Бахрейнде шабуылдан кейін Bapco Energies нысанындағы резервуар өртенген. Сонымен қатар Gulf Petrochemical Industries кәсіпорнында да өрт болғаны хабарланды. Екі өрт те сөндірілген, қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.

Иран атып түсірген АҚШ ұшағының ұшқыштары құтқарылды

Соққылар туралы ақпарат Кувейттен де түскен. Reuters және өзге де БАҚ мәліметінше, бұған дейінгі ирандық шабуылдар бұл елдегі нысандарда өртке себеп болған, ал қазіргі жағдай қақтығыстың өңірдегі маңызды инфрақұрылымға әсері күшейіп жатқанын көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін Израиль қорғаныс әскері Иран қаласындағы мұнай-химия кешеніне соққы жасады. Энергетикалық нысанда өрт шыққан, қазіргі уақытта өрт сөндірілді. Шабуыл салдарынан бес адам қаза тауып, тағы 170 адам жарақат алған. 

Соңғы жаңалықтар