Коронавирус • 07 Сәуір, 2020

Д дәрумені - инфекциялардың «жауы»

566 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ирландиялық ғалымдар коронавирустың ағзада тез «өркендеуіне» қандай дәруменнің жоқтығы себеп болатынын айтты деп хабарлады news.ru.com.

Д дәрумені - инфекциялардың «жауы»

Иммун жүйесінің инфекцияларға қарсы тұруына Д дәрумені жауапты. Ол сондай-ақ COVID-19 инфекциясына да қарсы тұрады.

«Д дәрумені жеткіліксіз адамдардың инфекцияларға иммунитеті төмендігі байқалды» дейді дәрігер Имон Лэйрд.

Ғалымдар Д дәрумені, әсіресе, қарт адамдарға қажет деген пікірде. Д дәруменінің негізгі көзі – күн сәулесі. Күн сәулесі жеткіліксіз болған жағдайда ас мәзірінде сол дәруменнің мол болуына назар аударылуы керек. Д дәрумені жұмыртқа, бауыр, балық және сүт тағамдарында мол болады.