Қазақстан • 22 Сәуір, 2020

22 сәуірге арналған ауа райы болжамы

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, шанды дауыл, солтүстікте тұман күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

22 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің хабарлауынша, күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғып, екпіні 23 м/с күшейеді. Кей жерлерінде тұман күтіледі.

Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Атырау, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл тұрады.

Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде бұршақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады. Күндіз желдің күші 15-20 м/с артуы ықтимал.