![22 сәуірге арналған ауа райы болжамы](/media/2020/04/22/7caf4773-356f-403e-a2d8-7c28a7316416.png)
Синоптиктердің хабарлауынша, күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғып, екпіні 23 м/с күшейеді. Кей жерлерінде тұман күтіледі.
Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Атырау, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл тұрады.
Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде бұршақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады. Күндіз желдің күші 15-20 м/с артуы ықтимал.