Аймақтар • Бүгін, 17:49

Батыс Қазақстан облысына құлаған дрон қай елге тиесілі?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков Батыс Қазақстан облысы аумағына құлаған дрондарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстан облысына құлаған дрон қай елге тиесілі?

Фото: Telegram/ Уральская неделя

Оның айтуынша, дрон бөлшектері табылып, олардың қай мемлекетке тиесілі екенін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамына қарулы күштердің тәжірибелі мамандары енгізілген. Сондай-ақ дрондарға қарсы іс-қимылға тек әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері ғана емес, радиоэлектрондық күрес бөлімдері де тартылған.

Қазіргі уақытта тиісті тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, 2026 жылдың наурыз айында Ресеймен шекараға жақын орналасқан Атырау облысының Құрманғазы ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас сынықтар табылған болатын. Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Кесар тілігінің зардабы қандай?

Медицина • Бүгін, 18:34