Қоғам • Кеше

Алматыда әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамытуға арналған тренинг басталды

150 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Алматыда әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамытып, еліміздің саяси өміріне қатысуын арттыруға бағытталған үш күндік тренинг өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамытуға арналған тренинг басталды

Іс-шара «БҰҰ-әйелдер» құрылымы Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының қолдауымен ұйымдастырылды. Тренингтің мақсаты – мемлекеттік басқару мен саясаттағы әйелдерді қолдау.

Тренинг спикері «БҰҰ-әйелдер» құрылымының Орталық Азиядағы үйлестіруші кеңсесінің жетекшісі және Қазақстандағы БҰҰ әйелдер құрылымының елдік кеңсенің өкілі Джерен Гювен Гюрес еліміздегі, сондай-ақ әлемдегі көшбасшы әйелдердің қоғамдағы рөлі, саяси белсенділігі, ел дамуына үлесіне қатысты баяндама жасады.

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысушыларға құттықтау хатын Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігі жанындағы Парламентаризм институты директорының орынбасары  Ләззат Сүлеймен жеткізді.

«Бұл іс-шара еліміздің қоғамдық-саяси өміріне әйелдердің белсенді қатысуы олардың көшбасшылық әлеуетін арттыру жолындағы маңызды қадам. Еліміз гендерлік теңдік саясатын жүйелі түрде іске асырып, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін қажетті институционалдық және құқықтық жағдайларды қалыптастырып келеді.Бұл ретте көшбасшылық құзіретті дамыту, әйелдердің саясаттағы белсенділігін  жүйелі түрде қолдау айрықша маңызға ие. Ұлттық комиссия мен халықаралық серіктестердің оның ішінде БҰҰ әйелдер құрылымының қолдауымен жүзеге асып жатқан білім беру бастамалары тиімділігін көрсетіп отыр. Мұндай бағдарламалар әйелдерге жаңа білім беруімен қатар өзіне деген сенімділікті арттыруға жаңа дағдалырады меңгеруге және кәсіби байланыстарды орнатуға мүмкіндік береді» делінген құттықтауда.

Ләззат Сүлейменова қоғамдағы әйелдердің рөлі туралы айта келіп, Джерен Гювен Гюреске ризашылығын білдірді. Бүгінде отбасының ұйытқысына айналып отырған әйелдер қауымы қоғамда туындап отырған көптеген әлеуметтік мәселенің шешілуіне атсалысып келеді. Оның нәтижесі қандай да болмасын өзекті мәселелерді шешуде әйелдердің азаматтық, саяси белсенділігінен айқын көрініс беріп отыр. Олардың саяси өмірдегі белсендігі мен кәсіби әлеуетін арттыруда бұл тренинг дер кезінде өткізіліп отыр.

Тренинг Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен  «Әйелдердің құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға, гендерлік теңдікті нығайтуға және әйелдердің елдің қоғамдық-саяси өміріне толыққанды қатысуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу» жобасы аясында өтіп жатыр. Бастама әйелдердің саяси  белсенділігін арттыруға бағытталған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі. Бағдарлама аясында Астана мен Алматы  қалаларында 60 әйел-көшбасшыны оқыту жоспарланып отыр. Алғашқы тренинг биыл 13–15 мамыр аралығында Астанада өткен болатын. Оған еліміздің өңірлерінен саяси партиялар мен азаматтық сектордың өкілдерінен 30 әйел-көшбасшы қатысты.

Джерен Гювен Гюрестің айтуынша, әйел көшбасшыларды қолдау мен саясатқа араласуын қысқа мерзімді шара ретінде емес, инклюзивті басқаруға, орнықты демократиялық институттар, Қазақстанның болашағына бағытталған  ұзақ мерзімді инвестиция ретінде қарастыру қажет. Мұндай бастамалар әйелдердің көшбасшылық құзыретін нығайтуға, кәсіби байланыстарын және шешім қабылдау үрдісіне сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.  «БҰҰ-әйелдер» құрылымы гендердік теңдікті, әйелдердің құқығы мен мүмкіндігін арттыра отырып, ұлттық деңгейде реформаларды қолдау, институттарды күшейту және әйелдер мен қыздардың қоғамдық өмірдің барлық саласында тең мүмкіндігін қарастырады» деп атап өтті ол.

Осы ретте  ол елімізде көптеген оң реформалардың жүзеге асқандығына тоқталып, парламентте әйелдер санын арттырудың кезі келді деген пікірін алға тартты.  Сондықтан бұл тренинг – формалды іс-шара емес, тәжірибелік дайындық. «БҰҰ-әйелдер» ұйымы әйелдердің саяси өмірге тең қатысуын арттыру үшін осындай тренингтерді әлемнің әртүрлі елдерінде өткізіп келеді. Бүгінде әйелдер әлем халқының тең жартысын құрайтын болса, келіссөз алаңдарында әйелдердің де ұсыныс-пікірі ерлермен тең ескерілуі қажет. Халықаралық тәжірибелер барысынан соңғы жылдарда еңбекақыдағы гендерлік айырмашылықтың азайғанын, зорлық-зомбылықтың төмендегенін, демократияның күшейіп, бейбітшіліктің тұрақталғанын көреміз. Гендерлік теңдік ерлердің орнын басу емес, қоғамның дамуына ерлермен тең құқылы үлес қосу.

Алайда, соңғы уақыттағы жетістіктерге қарамастан, жаһандық деңгейде әрі ұлттық деңгейде  әйелдердің үлесі аз. Парламентаралық одақ пен «БҰҰ-әйелдер» құрылымы деректеріне сәйкес, әлем бойынша әйелдердің парламенттегі үлесі  небәрі 27,5 пайызды құрайды, ал 28 елде ғана мемлекет немесе үкімет басшысы қызметін әйелдер атқарады. Қазақстанда әйелдер Парламент депутаттарының шамамен 18, министрлер кабинеті мүшелерінің шамамен 16 пайызын құрайды. Сонымен қатар, әйел саясаткерлерге гендерлік стереотиптер, мүмкіндіктердің қолжетімсіздігі,  сондай-ақ зорлық-зомбылық сияқты факторлар кедергі болуда. Халықаралық деректерге сәйкес, әлемдегі әйел парламентшілердің 76 пайызы психологиялық қысымға немесе қудалауға ұшырайды.

«БҰҰ-әйелдер» құрылымы Қазақстандағы гендерлік теңдікті ілгерілету, әйелдердің шешім қабылдау үдерістеріне қатысуын кеңейту және инклюзивті мемлекеттік басқаруды дамыту жөніндегі күш-жігерін халықаралық міндеттемелерге, оның ішінде Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі Тұрақты даму мақсаты №5-ке сәйкес қолдауды жалғастырып келеді.

Қатысушылар үш күн бойы нақты саяси үдерістерді жүйелейді. Олар кандидат ретінде сайлауға түсу туралы шешім қабылдап, сайлауалды бағдарламаны әзірлеуден бастап, сайлаушылармен кездесіп, пікір сайыстарға қатысуға және көпшілік алдында сөз сөйлеуге дейінгі кезеңдерден өтеді.

Соңғы жаңалықтар